Нормативтiк құқықтық актiлер туралы

Нормативтiк құқықтық актiлер туралы


Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңы

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 2-3, 25-құжат

МАЗМҰНЫ

Ескерту. Бүкiл мәтiнi бойынша "әкiмият" деген сөз тиiстi жалғаулары ескерiле отырып "әкiмдiк" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР 2004.06.16 N566 Заңымен.


1-тарау. Жалпы ережелер


1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) заң - аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн, Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 3-тармағында көзделген түбегейлi принциптер мен нормаларды белгiлейтiн, Қазақстан Республикасының Парламентi, ал Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Президентi қабылдайтын нормативтiк құқықтық акт;
1-1) заң техникасы – нормативтiк құқықтық актiлердi ресiмдеу тәсiлдерiнiң, талаптары мен қағидаларының жиынтығы;
2) заңнамалық акт - конституциялық заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар жарлығы, кодекс, заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар жарлығы, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары;
3) заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлер - заң актiлерi болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заң актiлерiнiң негiзiнде және соларды орындау үшiн шығарылған, өзге де нормативтiк құқықтық актiлер;
4) заңнама - белгiленген тәртiппен қабылданған нормативтiк құқықтық актiлердiң жиынтығы;
5) кодекс - осы Заңның 3-1-бабында көзделген бiртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн құқықтық нормалар бiрiктiрiлiп, жүйеге келтiрiлген заң
6) Конституциялық заң - Қазақстан Республикасы Конституциясында конституциялық деп аталған, Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 4-тармағында белгiленген тәртiппен қабылданатын заң
7) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi - нормативтiк құқықтық актiлердiң реквизиттерiн және осы актiлер туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы басқа да мәлiметтердi қамтитын Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi мемлекеттiк есебiнiң бiрыңғай жүйесi;
8) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкi - олар туралы мәлiметтер Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген нормативтiк құқықтық актiлердiң (өзгерiстерi мен толықтыруларын қоса) қағазға басылған мәтiндерiнiң жиынтығы;
9) Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн заң - Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 3-тармағында белгiленген тәртiппен қабылданатын заң
10) құқық нормасы (құқықтық норма) - нормативтiк құқықтық актiде тұжырымдалған, көп мәрте қолдануға арналған және нормативтiк реттелген ахуал шеңберiнде барлық тұлғаларға қолданылатын жалпыға мiндеттi мiнез-құлық ережесi;
11) нормативтiк құқықтық акт - референдумда қабылданған не уәкiлеттi орган немесе мемлекеттiң лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгiлейтiн, олардың қолданылуын өзгертетiн, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат;
12) нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялау - Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне сәйкестiк сараптамасынан өткен нормативтiк құқықтық актiлердi баспа басылымында жариялау;
12-1) нормативтiк құқықтық актiлердiң құқықтық мониторингi – Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетiн, ескiрген және сыбайлас жемқорлықты тудыратын құқық нормаларын анықтау, олардың iске асырылуының тиiмдiлiгiн бағалау мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамасының жай-күйi туралы ақпаратты жинау, бағалау, талдау, сондай-ақ оның даму динамикасын және қолданылу практикасын болжау бойынша тұрақты негiзде жүзеге асырылатын мемлекеттiк органдардың қызметi;
13) нормативтiк құқықтық актiнiң деңгейi - нормативтiк құқықтық актiнiң нормативтiк құқықтық актiлер сатысындағы өзiнiң заң күшiне қарай алатын орны;
14) нормативтiк құқықтық актiнi ресми жариялау - нормативтiк құқықтық актiнiң толық мәтiнiн ресми және мерзiмдiк баспа басылымдарында жалпы жұрттың назарына салу үшiн жариялау;
15) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, сондай-ақ сол органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық мәртебесiн айқындайтын заңнамада белгiленген өз құзыретiне сәйкес нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға хақылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен лауазымды адамдары (Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Парламентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, орталық атқарушы органдар, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, өзге де мемлекеттiк органдар);
16) уәкiлеттi ұйым – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары әзiрлеген және Қазақстан Республикасының Парламентiне енгiзуге жататын заң жобалары бойынша қазақ және орыс тiлдерiндегi мәтiндердiң тең түпнұсқалығы бөлiгiнде ғылыми лингвистикалық сараптаманы жүзеге асыру жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын ұйым.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.29 N 209 Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.06.29 N 271, 2008.07.04 N 57, 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.04.01 N 425-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


2-бап. Осы Заңның қолданылу саласы

1. Заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу мен табыс ету, қабылдау, тiркеу, күшiне енгiзу, өзгерту, толықтыру, олардың қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру, оларды жариялау ерекшелiктерi олардың деңгейiне сәйкес, нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайтын мемлекеттiк органдардың қызметiн реттейтiн заң актiлерiмен, осы органдардың құқықтық мәртебесiн айқындайтын актiлермен, соның iшiнде олар туралы ережелермен және олардың регламенттерiмен, басқа да нормативтiк құқықтық актiлермен айқындалады, бұған Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң шығару бастамасы тәртiбiмен Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне енгiзiлетiн заңнамалық актiлердiң жобаларына қатысты Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен айқындалатын ерекшелiктер қосылмайды.
2. Осы Заң Қазақстан Республикасы Конституциясын қабылдау, өзгерту және оның қолданылуын тоқтату тәртiбiн реттемейдi.
3. Осы Заңмен халықаралық шарттарды дайындау, жасасу, орындау және күшiн жою тәртiбi реттелмейдi.
4. Осы Заңда заңдарға сәйкес қабылданған, бiрақ осы Заңның 1-бабының 11) тармақшасында келтiрiлген талаптарға сай келмейтiн және құқықты iске асыру және құқық қолданушылық мәнi бар нормативтiк құқықтық актiлердi, атап айтқанда:
1) мемлекеттiк емес ұйымдардың, оның iшiнде қоғамдық бiрлестiктер мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының нормативтiк актiлерiн;
2) уәкiлеттi орган болып табылмайтын мемлекеттiк ұйымдардың нормативтiк актiлерiн;
3) техникалық және технологиялық нормалар қамтылған нормативтiк актiлердi әзiрлеу, табыс ету, қабылдау, күшiне енгiзу, қолдану, жариялау, өзгерту, толықтыру және олардың қолданылуын тоқтату тәртiбi белгiленбейдi.
Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген нормативтiк актiлер құқық нормаларын қамтымауға тиiс.
Ескерту. 2-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2002.03.06 N 298 (2002.01.01 бастап күшiне енедi), 2004.06.16 N 566, 2006.12.29 N 209, 2008.07.04 N 57, 2011.04.01 N 425-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


3-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi және
туынды түрлерi

1. Нормативтiк құқықтық актiлер негiзгi және туынды актiлер болып бөлiнедi.
2. Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi түрлерiне мыналар жатады:
1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық Заң күшi бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзге де нормативтiк құқықтық Жарлықтары;
3) Қазақстан Республикасы Парламентi мен оның палаталарының нормативтiк қаулылары;
4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;
5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң нормативтiк қаулылары;
6) Қазақстан Республикасының министрлерi мен өзге де орталық мемлекеттiк органдар басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары;
7) орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары;
7-1) Алынып тасталды - ҚР 2007.07.27 N 315 Заңымен.
8) мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерi, әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары, әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерi.
3. Нормативтiк құқықтық актiлердiң туынды түрлерiне мыналар жатады:
1) регламент - қандай да бiр мемлекеттiк орган мен оның құрылымдық бөлiмшелерi қызметiнiң iшкi тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық акт;
1-1) техникалық регламент - Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес әзiрленетiн және қолданылатын өнiмдерге және (немесе) олардың өмiрлiк циклiнiң процестерiне қойылатын мiндеттi талаптарды белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;
1-2) Алынып тасталды - ҚР 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
1-3) мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарты - мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнiң, нысанының, мазмұны мен нәтижесiнiң сипаттамасын қамтитын көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметке қойылатын талаптарды белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;
1-4) мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi - мемлекеттiк қызмет стандартының сақталуына қойылатын талаптарды белгiлейтiн және мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, мемлекеттiк қызмет көрсететiн лауазымды адамдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк қызмет көрсетуiнiң тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық акт.
Мемлекеттiк қызмет регламентi мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және өзге де жеке және заңды тұлғалардың iс-қимылының (өзара iс-қимылының) сипаттамасын да белгiлейдi;
1-5) мемлекеттiк қызметтер көрсету тiзiлiмi – көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердi алушыларды, олардың көрсетiлуiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдарды және ұйымдарды көрсете отырып, республикалық және жергiлiктi деңгейде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң үнемi жаңартылып отыратын тiзбесiн және басқа да сипаттамаларды қамтитын нормативтiк құқықтық акт;
2) ереже - қандай да бiр мемлекеттiк органның мәртебесi мен өкiлеттiгiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;
3) қағида - қандай да бiр қызмет түрiн ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;
4) нұсқаулық - заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бiр саласында қолданылуын егжей-тегжейлi көрсететiн нормативтiк құқықтық акт.
Қазақстан Республикасының заңдарында туынды түрдегi нормативтiк құқықтық актiлердiң өзге де нысандары көзделуi мүмкiн.
4. Туынды түрлердегi нормативтiк құқықтық актiлер негiзгi түрлердегi нормативтiк құқықтық актiлер арқылы қабылданады немесе бекiтiледi және олармен бiр тұтастық құрайды. Туынды түрдегi нормативтiк құқықтық актiнiң нормативтiк құқықтық актiлер сатысында алатын орны негiзгi түрдегi актiнiң деңгейiмен анықталады.
5. Орталық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың аумақтық органдарының, сондай-ақ жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын, әкiм уәкiлеттiк берген жергiлiктi атқарушы органдардың нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға құқығы жоқ.
6. Мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар қабылдайтын жеке қолданылатын құқықтық актiлер нормативтiк құқықтық актiлер болып табылмайды.
Ескерту. 3-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2002.03.06 N 298 (2002.01.01 бастап күшiне енедi), 2004.06.16 N 566, 2006.12.29 N 209, 2007.06.18 N 262, 2007.06.29 N 271, 2007.07.27 N 315 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.04.01 N 425-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


3-1-бап. Қазақстан Республикасының кодекстерiмен
реттелетiн қоғамдық қатынастар

Қазақстан Республикасының кодекстерi:

1) бюджеттiк;

2) азаматтық

3) азаматтық iс жүргiзу;

4) неке-отбасы;

5) экологиялық

6) су;

7) жер;

8) орман;

9) салық

10) кеден;

11) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

12) еңбек;

13) қылмыстық жазаларды орындауға байланысты;

14) әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға байланысты;

15) қылмыстық жауапкершiлiкке тартуға байланысты;

16) қылмыстық iс жүргiзу;

17) денсаулық сақтау саласы сияқты бiртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында қабылданады.
Ескерту. 3-1-баппен толықтырылды - ҚР 2004.06.16 N 566 Заңымен,өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.06.29 N 271, 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


4-бап. Нормативтiк құқықтық актiлер сатысы

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күшi бар.

2. Конституцияны қоспағанда, өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң заң күшiнiң арақатынасы мынадай төмендей беретiн деңгейлерге сәйкес болады:

1) Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн Заңдар:

2) Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлықтары;

2-1) Қазақстан Республикасының Кодекстерi;

3) Қазақстан Республикасының Заңдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтары;

4) Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның палаталарының нормативтiк қаулылары;

5) Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк жарлықтары;

6) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;

7) Қазақстан Республикасының министрлерi мен орталық мемлекеттiк органдардың өзге де басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң нормативтiк қаулылары;
7-1) (алып тасталды - ҚР 2007.07.27 N 315 Заңымен);

8) мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерi, әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары, әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерi.

3. Төменгi деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлердiң әрқайсысы жоғары деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келмеуге тиiс.

4. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары аталған сатыдан тыс тұрады.

5. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер мәслихаттарының нормативтiк құқықтық шешiмдерi, әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары мен әкiмдерiнiң нормативтiк құқықтық шешiмдерiнiң сатысы Қазақстан Республикасының Конституциясымен және жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы заң актiлерiмен белгiленедi.

6. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң нормативтiк қаулылары тек Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана негiзделедi және барлық өзге нормативтiк құқықтық актiлер оларға қайшы келуге тиiс емес.
Ескерту. 4-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.10.17 N 248, 2002.03.06 N 298 (2002.01.01 бастап күшiне енедi), 2004.06.16 N 566, 2007.07.27 N 315 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.04.01 N 425-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


5-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң тiкелей
қолданылуы

1. Егер нормативтiк құқықтық актiлердiң өздерiнде немесе оларды күшiне енгiзу туралы актiлерде өзгеше айтылмаса, барлық нормативтiк құқықтық актiлер тiкелей қолданылады.

2. Қолданысқа енгiзiлген нормативтiк құқықтық актiлердi қолдану үшiн қандай да болсын қосымша нұсқаулар талап етiлмейдi.

3. Егер нормативтiк құқықтық актiнiң өзiнде оның қандай да бiр құқық нормасы қосымша нормативтiк құқықтық акт негiзiнде қолданылатындығы көрсетiлсе, онда бұл норма негiзгi және қосымша нормативтiк құқықтық актiге сәйкес қолданылады. Қосымша нормативтiк құқықтық акт қабылданғанға дейiн тиiстi қатынастарды бұрын реттеп келген нормативтiк құқықтық актiлер қолданылады.
Ескерту. 5-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.06.29 N 271 Заңымен.


6-бап. Әр түрлi нормативтiк құқықтық актiлердiң құқық
нормаларының қайшылықтары

1. Әр түрлi деңгейдегi нормативтiк актiлердiң нормаларында қайшылықтар болған кезде неғұрлым жоғары деңгейдегi актiнiң нормалары қолданылады.

2. Заңдар нормаларының Қазақстан Республикасы кодекстерiнiң нормаларымен алшақтығы болған жағдайларда олар кодекстерге тиiстi өзгерiстер енгiзiлгеннен кейiн ғана қолданылуы мүмкiн.

3. Бiр деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларында қайшылықтар болған кезде қолданысқа кейiнiрек енгiзiлген актiнiң нормалары қолданылады.
Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.03.06 N 298 (2002.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен.


2-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын
дайындауды жоспарлау


7-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын
дайындау жоспарлары

1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындау жоспарлары бiр жылға жасалатын ағымдағы және неғұрлым ұзақ мерзiмге жасалатын перспективалық жоспарлар болып бөлiнедi.
Перспективалық жоспарларда неғұрлым маңызды нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ дайындау уақыты бiр жылдан астам мерзiмге жоспарланатын нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу көзделедi.

2. Дайындау жоспарларында:

1) нормативтiк құқықтық актiнiң деңгейiн, нысаны мен реттеу мәнiн бейнелейтiн атауы;

2) дайындау мерзiмдерi;

3) жобаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органдар мен ұйымдар көрсетiледi.

3. Егер осы Заңда және басқа заңдарда өзгеше көзделмесе, нормативтiк құқықтық актiлердi дайындау жоспарларын тиiстi актiлердi қабылдауға құзыреттi мемлекеттiк органдар жасайды және бекiтедi.

4. Нормативтiк құқықтық актiлер жобаларын дайындау жоспарларын жасаған кезде мемлекеттiк және өзге де органдар мен ұйымдардың, оның iшiнде ғылыми ұйымдардың ұсыныстары, сондай-ақ өзге де мүдделi тұлғалардың ұсыныстары ескерiледi.

5. Нормативтiк құқықтық актiлер жобасын дайындау жоспарларын жасайтын және бекiтетiн мемлекеттiк органдар жоспарларға осы актiлердiң дайындалуын бейнелейтiн басқа да көрсеткiштер енгiзуi мүмкiн.
6. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң шығару бастамасы тәртiбiмен Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне енгiзiлетiн заңнамалық актiлердiң жобаларын дайындауға қолданылмайды.
Ескерту. 7-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.07.04 N 57 Заңымен.


8-бап. Қазақстан Республикасының Президентi шығаратын
нормативтiк құқықтық актiлердi дайындауды
жоспарлау

Қазақстан Республикасының Президентi шығаратын нормативтiк құқықтық актiлер жобаларын дайындауды жоспарлаудың тәртiбi мен нысандарын Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.


9-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң заң
актiлерiн дайындауды жоспарлау

Қазақстан Республикасының Парламентi қабылдайтын заң актiлерiнiң жобаларын дайындауды жоспарлаудың тәртiбi мен нысандарын Парламент пен оның палаталары Қазақстан Республикасының Конституциясы 61-бабының 3-тармағында белгiленген өз құзыретiне сәйкес айқындайды.


10-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобасы
жұмыстарын жоспарлау

1. Қазақстан Республикасы Үкiметi заң жобасы жұмыстарының перспективалық және жыл сайынғы жоспарларын жасайды.

2. Жоспарлардың жобаларын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi әзiрлейдi.

3. Үкiметтiң заң жобалаушылық жұмыстарының жоспары Қазақстан Республикасының Президентiмен келiсiледi.


11-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк
құқықтық актiлер дайындау жөнiндегi тапсырмалары

Ескерту. 11-бап алып тасталды - ҚР 2011.04.01N 425-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.


12-бап. Орталық атқарушы органдардың Қазақстан
Республикасы Үкiметi мен Қазақстан
Республикасының өзге орталық органдары
құрамына кiретiндерiнiң де, кiрмейтiндерiнiң
де, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының
нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын
дайындауды жоспарлау ерекшелiктерi

Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының Қазақстан Республикасы Үкiметi құрамына кiретiндерiнiң де, кiрмейтiндерiнiң де, сондай-ақ жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын дайындауды жобалаудың ерекшелiктерiн осы органдардың әрқайсысы айқындайды.


3-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу және ресiмдеу

Ескерту. 3-тарау жаңа редакцияда - ҚР 2011.04.01N 425-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.


13-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын
әзiрлеушiлер

1. Президент Әкiмшiлiгi, Үкiмет, өзге де мемлекеттiк органдар, олармен келiсiм бойынша ұйымдар және азаматтар Қазақстан Республикасы Президентiнiң немесе Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмасына негiзделген Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң шығару бастамашылығы тәртiбiмен Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне енгiзiлетiн заңнамалық актiлердiң жобаларын әзiрлеушiлер бола алады.
Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының заң шығару бастамашылығы тәртiбiмен дайындалатын заң жобаларының әзiрлеушiлерi Парламент депутаттары болып табылады.

2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң шығару бастамашылығы тәртiбiмен Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне енгiзiлетiн заң жобаларын әзiрлеу туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына оның Әкiмшiлiгi, Үкiмет, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, сондай-ақ ұйымдар және азаматтар енгiзе алады.

3. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгiленбесе, уәкiлеттi органдар өз бастамасымен немесе жоғары тұрған мемлекеттiк органдардың тапсырмалары бойынша әзiрлейдi.

4. Өзге де мемлекеттiк органдар, ұйымдар және азаматтар нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу жөнiнде ұсыныс енгiзуге немесе мұндай актiлердiң бастамашылық жобаларын уәкiлеттi органдардың қарауына беруге құқылы. Уәкiлеттi органдар оларды өздерi әзiрлейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары үшiн негiз ретiнде қабылдауы немесе олардың одан әрi әзiрленуiн және жобалардың қабылдануын орынсыз деп тануы мүмкiн.


14-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын әзiрлеу
тәртiбi

1. Нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын әзiрлеушi уәкiлеттi орган жобаны дайындау жөнiндегi жұмыс тобын құрады немесе оны дайындауды жұмыс тобының функцияларын атқаратын өз бөлiмшелерiнiң бiрiне тапсырады. Нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын дайындауға жобаны дайындайтын органның заң бөлiмшесi қызметкерлерiнiң қатысуы мiндеттi.
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары заң жобасын дайындау жөнiндегi жұмыс тобының жұмысына кез келген сатыда қатысуға құқылы.

2. Заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулыларының жобаларын, ал қажет болған жағдайда – басқа да уәкiлеттi органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын дайындауға әртүрлi бiлiм салаларының мамандары, ғылыми мекемелер мен ғылыми қызметкерлер, қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi тартылуы мүмкiн.

3. Бiр деңгейдегi уәкiлеттi органдардың заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын бiрнеше уәкiлеттi орган әзiрлеуi, ал қажет болған жағдайда – қабылдауы мүмкiн.
Бiрнеше уәкiлеттi органның заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын олар осы Заңда көзделген тәртiппен бiрлесiп әзiрлейдi және олар уәкiлеттi органдардың басшылары қол қоятын бiрлескен бұйрықтар немесе қаулылар түрiнде қабылданады.
Бiрлескен нормативтiк құқықтық актiлердiң туынды түрлерi (осы Заңның 3-бабының 3-тармағы) туынды нормативтiк құқықтық актiнi қабылдаған уәкiлеттi органдардың негiзгi нормативтiк құқықтық актiлерi арқылы бекiтiлiп, онда туынды актiнi қабылдауға арқау болған негiзгi нормативтiк құқықтық актiлер көрсетiледi.
Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлердi келiсудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң шығару бастамашылығы тәртiбiмен заңнамалық актiнiң жобасын әзiрлеу тапсырылған Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi немесе Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттiк органдары заңнамалық актiнiң жобасын әзiрлеудi, егер Қазақстан Республикасының Президентi немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы өзгеше мерзiм белгiлемесе, бiр ай мерзiмде жүзеге асырады.

5. Егер осы нормативтiк құқықтық актiлердiң жалпыға мiндеттi маңызы болса, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты болса немесе кәсiпкерлiк қызметтi реттесе, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары бойынша заң сараптамасын жүргiзедi.

6. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгiленбесе, уәкiлеттi орган нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын дайындауды өзiне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға тапсыра алады немесе бөлiнген бюджет қаражаты мен гранттарды осы мақсаттарға пайдалана отырып, шарттық негiзде мамандарға, ғылыми мекемелерге, жекелеген ғалымдарға немесе олардың ұжымдарына, оның iшiнде шетелдiктерге де оны дайындауға тапсырыс бере алады.

7. Уәкiлеттi орган нормативтiк құқықтық актiлердiң балама жобаларын дайындауды бiрнеше мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға тапсыруға немесе оларды әзiрлеудi шарттық негiзде, оның iшiнде конкурс бойынша бiрнеше ғылыми мекемелерге немесе ғалымдарға тапсыруға құқылы.

8. Егер Қазақстан Республикасы заңнамалық актiсiнiң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық жарлығының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулысының дайындалып жатқан жобасының құқық нормаларын iске асыру үшiн бiр деңгейдегi немесе төменгi деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу қажет болса, онда нормативтiк құқықтық актiнiң негiзгi түрiнiң жобасымен бiр мезгiлде көрсетiлген өзгерiстерiмен және (немесе) толықтыруларымен бiрге актiлердiң жобалары дайындалуға немесе тиiстi органдарға осындай актiлер дайындау туралы тапсырмалар берiлуге тиiс.

9. Әзiрленген заңдардың жобалары мүдделi мемлекеттiк органдарға келiсуге жiберiле отырып, бiр мезгiлде уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастырылады.


15-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн
қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердi
әзiрлеудiң және қабылдаудың ерекшелiктерi

1. Орталық мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын сараптамалық қорытынды алу үшiн, оның iшiнде осы нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын мүдделi мемлекеттiк органдармен келесi әрбiр келiсу кезiнде мiндеттi түрде түсiндiрме жазбаны қоса тiркей отырып, сараптамалық кеңестер арқылы жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерiне жiбередi.
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына сараптамалық қорытынды ұсыну үшiн мемлекеттiк органдар белгiлейтiн мерзiм жоба жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерiне түскен кезден бастап он жұмыс күнiнен аз болмауға тиiс.
Қорытындыны ұсыну мерзiмi жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерiнiң жазбаша сауал салуы бойынша он жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмге қосымша ұзартылады. Мерзiмдердi қайта ұзартуға жол берiлмейдi.

2. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына түсiндiрме жазбада нормативтiк құқықтық актiнiң қолданысқа енгiзiлуiне байланысты жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi шығындарының азайғанын және (немесе) ұлғайғанын растайтын есептеулердiң нәтижелерi қамтылуға тиiс.

3. Сараптамалық қорытынды жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерi мүшелерiнiң ортақ пiкiрiн бiлдiредi, ұсыным сипатында болады және оны мемлекеттiк орган қабылдағанға дейiн нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына мiндеттi қосымша болып табылады.
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерi сараптамалық қорытындыны қазақ және орыс тiлдерiнде ұсынады.

4. Мемлекеттiк орган сараптамалық қорытындымен келiскен жағдайда нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына тиiстi өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзедi.
Мемлекеттiк орган сараптамалық қорытындымен келiспеген жағдайда жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерiне сараптамалық қорытындымен келiспеу себептерiн негiздеп, жауап жiбередi.
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерi нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы бойынша ескертпелерi бар бiр сараптамалық қорытынды ұсынған және осы бiрлестiк сараптамалық кеңестiң отырысын өткiзудi табанды түрде талап еткен жағдайда, осындай отырыстың өткiзiлуi мiндеттi болып табылады.
Бұл ретте сараптамалық кеңестiң отырысы сараптамалық кеңес мүшелерiн тiкелей шақыру арқылы не нақты уақыт режимiнде интернет-конференция өткiзу арқылы өткiзiлуi мүмкiн.

5. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнi қолданысқа енгiзудiң мерзiмдерi жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленетiн талаптарға байланысты жүзеге асыруға дайындалуы үшiн қажеттi мерзiмдердi негiзге ала отырып белгiленуге тиiс.
Нормативтiк құқықтық актiлердi қолданысқа енгiзудiң тәртiбi мен мерзiмдерi жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне залал келтiрмеуге тиiс.

6. Осы бапта көзделген рәсiмдер жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдаудың мiндеттi шарты болып табылады.

7. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары оларды тиiстi органда немесе сараптамалық кеңестiң отырысында қарағанға дейiн, интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында мiндеттi түрде жариялануға (таратылуға) тиiс.

16-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын мүдделi
мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен келiсу

1. Нормативтiк құқықтық актiнiң дайындалған жобасы, ал қажет болған жағдайда – оны дамыту үшiн қабылданатын басқа да нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы мүдделi мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен келiсуге жiберiледi. Мемлекеттiк кiрiстердi қысқартуды немесе мемлекеттiк шығыстарды ұлғайтуды көздейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына қаржы-экономикалық есептеулер қоса берiледi.
Егер заң жобасында қамтылған құқық нормаларын iске асыру үшiн заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау қажет болса (егер ондай қажеттiлiк болмаса, онда ол iлеспе хатта көрсетiледi), заң жобасына заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары қоса берiледi. Егер заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын әзiрлеу басқа мемлекеттiк органның құзыретiне жататын болса, онда осы мемлекеттiк орган заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiнiң тиiстi жобасын заң жобасын әзiрлеушi мемлекеттiк органға ұсынады.

2. Қазақстан Республикасының Президентi актiлерiнiң жобаларын және Қазақстан Республикасының Президентi немесе Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары заң шығару бастамашылығы тәртiбiмен енгiзетiн заң актiлерiнiң жобаларын қоспағанда, нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары мiндеттi түрде келiсiлуге тиiстi мемлекеттiк органдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң шығару бастамашылығы тәртiбiмен дайындалған заңнамалық актiлердiң жобалары, Қазақстан Республикасының Президентi немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы айқындайтын жағдайларда Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдарымен келiсiледi.

4. Нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы келiсiлуге жiберiлген мемлекеттiк органдар мен ұйымдар, егер уәкiлеттi орган өзгеше, неғұрлым қысқа мерзiм белгiлемесе, – оны алған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде, ал Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң шығару бастамашылығы тәртiбiмен Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне енгiзiлетiн заңнамалық актiлердiң жобалары келiсiлген жағдайда, егер Қазақстан Республикасының Президентi немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы өзгеше, неғұрлым қысқа мерзiм белгiлемесе, он жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы бойынша өз ескертпелерi мен ұсыныстарын дайындауға немесе олардың жоқтығы туралы нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын әзiрлеген органға хабарлауға тиiс.
Мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы бойынша ескертпелерi кемшiлiктердi жою жөнiндегi ұсыныстарды қамтуға, сондай-ақ оның құзыретiндегi мәселелерге тiкелей қатысты болуға, негiзделген және түпкiлiктi болуға, жазбаша нысанда ұсынылуға тиiс.

5. Алынған ескертпелер бойынша нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын, қажет болған жағдайда, нормативтiк құқықтық актiнi әзiрлеген орган пысықтайды, ал жұмыс тобы қабылданған және қабылданбаған ескертпелер туралы, ескертпелердiң қабылданбау себептерi туралы анықтама жазады. Бұл анықтама жұмыс тобын құрған мемлекеттiк органға нормативтiк құқықтық актiнiң жобасымен бiрге берiледi.

6. Жұмыс тобын құрған мемлекеттiк орган нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына жұмыс тобымен бiрлесiп талқылануға тиiстi өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуi немесе нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын жұмыс тобына пысықтауға қайтаруы мүмкiн.


17-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң реквизиттерi

Нормативтiк құқықтық актiлердiң мынадай реквизиттерi болуға тиiс:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы;

2) актiнiң нысанын көрсету: Қазақстан Республикасының конституциялық заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар жарлығы; Қазақстан Республикасының кодексi; Қазақстан Республикасының заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар жарлығы; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы; Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының қаулысы; Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң қаулысы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы; министрдiң бұйрығы; орталық мемлекеттiк орган басшысының бұйрығы; орталық мемлекеттiк органның қаулысы; мәслихаттың шешiмi; әкiмдiктiң қаулысы; әкiмнiң шешiмi; осы Заңда көзделген нормативтiк құқықтық актiнiң өзге де нысаны;

3) осы нормативтiк құқықтық актiнiң реттеу нысанасын бiлдiретiн тақырып;

4) нормативтiк құқықтық актiнiң қабылданған жерi мен жылы, күнi, айы;

5) нормативтiк құқықтық актiнiң тiркеу нөмiрi;

6) нормативтiк құқықтық актiге қол қоюға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе адамдардың қолтаңбалары;

7) нормативтiк құқықтық актiнiң Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өткен күнi мен нөмiрiн мемлекеттiк тiркелуге тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерде көрсету;

8) елтаңбалы мөр.


18-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң құрылымы

1. Нормативтiк құқықтық актiнiң негiзгi құрылымдық бөлiктерi құқық нормаларын қамтитын абзац, бөлiк, тармақша, тармақ және бап болып табылады.
Нормативтiк құқықтық актiнiң бабының, тармағы мен тармақшасының iшiнде бөлiк – құқықтың қисынды аяқталған, бас әрiптен басталатын азат жол арқылы бөлiнiп көрсетiлген жеке нормасы болуы мүмкiн.
Мәтiннiң мағыналық жағынан тұтас, бiрiншi жолда азат жол арқылы бөлiнiп көрсетiлетiн және кiшi әрiппен басталатын бөлiгi, бөлiктiң бас әрiппен басталатын бiрiншi абзацын қоспағанда, абзац деп саналады. Абзацтар (бөлiктiң бiрiншi және соңғы абзацтарынан басқасы) нүктелi үтiрмен аяқталады.
Заңнамалық актiлер, әдетте, «бап» деген атауы бар баптардан тұрады, олар бөлiктi, тармақты, тармақшаны және абзацты қамтуы мүмкiн.
Өзге де нормативтiк құқықтық актiлер олардың атауы «тармақ» деген сөзбен жазылмайтын тармақтардан тұрады, олар тармақшаларды, бөлiктердi, абзацтарды қамтуы мүмкiн.

2. Көлемi қомақты нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны жағынан жақын баптары (тармақтары) тарауларға бiрiктiрiлуi мүмкiн. Мазмұны жағынан жақын бiрнеше тарау – бөлiмдерге, ал бөлiмдер нормативтiк құқықтық актiнiң бөлiктерiне бiрiктiрiлуi мүмкiн. Көлемi үлкен тараулар мен бөлiмдерде тиiсiнше параграфтар және кiшi бөлiмдер бөлiнiп көрсетiлуi мүмкiн.
Нормативтiк құқықтық актiлердегi параграфтар мен кiшi бөлiмдер тиiсiнше «параграф» және «кiшi бөлiм» деген сөздермен белгiленедi.

3. Кодекс, әдетте, «бөлiк» деген сөзбен жазылмайтын бөлiктерге бөлiнетiн баптардан тұрады, олар араб цифрларымен нөмiрленедi.

4. Нормативтiк құқықтық актiнiң әрбiр тармағы, бабы, параграфы, тарауы, кiшi бөлiмi және бөлiмi араб цифрларымен нөмiрленедi. Нормативтiк құқықтық актiнiң баптары, тараулары, бөлiмдерi және бөлiктерi тұтастай нөмiрленедi. Нормативтiк құқықтық актiнiң әрбiр тарауындағы параграфтар және әрбiр бөлiмдегi кiшi бөлiмдер дербес нөмiрленедi.

5. Тармақтардағы тармақшалар және баптардағы тармақтар тиiсiнше дербес нөмiрленедi. Тармақтардағы тармақшалардың нөмiрленуi жақшамен жабылған араб цифрларымен мынадай түрде белгiленедi: 1), 2), 3) және одан әрi қарай.

6. Заңды қабылдаудың мақсаттарын және оның алдында тұрған негiзгi мiндеттердi түсiндiру қажет болған жағдайларда құқық нормаларын жазудың алдынан кiрiспе бөлiм (кiрiспе) берiледi.
Кiрiспе бөлiм (кiрiспе) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы заң жобаларында жазылмайды.

7. Нормативтiк құқықтық актiде пайдаланылатын терминдер мен анықтамаларды нақтылау қажет болған жағдайда, онда олардың мәнiн түсiндiретiн бап (тармақ) берiледi. Қазақ тiлiндегi нормативтiк құқықтық актiдегi терминдер мен анықтамалар әлiпбилiк ретпен орналастырылады. Орыс тiлiндегi нормативтiк құқықтық актiдегi терминдер мен анықтамалар қазақ тiлiнде жазылған ретпен сәйкес келуге тиiс.
Нормативтiк құқықтық актiде пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар бiртектес қоғамдық қатынастарды реттейтiн жоғары деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiде қолданылатын терминдер мен анықтамаларға сәйкес келуге тиiс.

8. Нормативтiк құқықтық актiнiң құрылымдық бөлiгi тиiстi нұсқауларды нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнiнде құқық нормасының мағынасына нұқсан келтiрмей жазу мүмкiн болмаған кезде ескертпемен толықтырылуы мүмкiн.

9. Пайдалануға ыңғайлы болуы үшiн нормативтiк құқықтық актiнiң әрбiр тарауы, бөлiмi, бөлiгi, сондай-ақ тараудың параграфы мен бөлiмнiң кiшi бөлiмiнiң тақырыптары болуға тиiс.
Заңнамалық актiлерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы заңнамалық актiлердi қоспағанда, заңнамалық актiлер баптарының тақырыптары болуға тиiс.
Нормативтiк құқықтық акт бөлiктерiнiң, бөлiмдерiнiң, кiшi бөлiмдерiнiң, тарауларының және параграфтарының тақырыптары алдыңғы мәтiннен – екi, ал келесi мәтiннен бiр жоларалық интервалмен бөлiнедi.

10. Кодекстiң құрылымына мазмұн кiредi.

11. Нормативтiк құқықтық актiнiң құрылымына қосымшалар енгiзiлуi мүмкiн.


19-бап. Нормативтiк құқықтық актi мәтiнiнiң мазмұны
мен жазылу стилiне қойылатын талаптар

1. Мемлекеттiк органдардың қоғамдық қатынастарды мемлекеттiк реттеу саласындағы құзыретi, функциялары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк рәсiмдер туралы заңнамасына сәйкес нормативтiк құқықтық актiлерде мемлекеттiк басқару деңгейi бойынша аражiгi айқын ажыратылып белгiленуге тиiс.
Мемлекеттiк органдардың типтiк функцияларын айқындау жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдарды Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдайды.

2. Нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнi бiрыңғай қарiппен басылуға тиiс.

3. Нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнi әдеби тiл нормалары, заң терминологиясы және заң техникасы сақтала отырып жазылады, оның ережелерi барынша қысқа болуға, нақты және әртүрлi түсiндiруге жатпайтын мағынаны қамтуға тиiс. Нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнiнде мағыналық және құқықтық жүктемесi жоқ декларативтiк сипаттағы ережелер қамтылмауға тиiс.
Көнерген және көп мағыналы сөздер мен сөз орамдарын, эпитеттердi, метафораларды қолдануға, сөздердi қысқартуға жол берiлмейдi. Нормативтiк құқықтық актiнiң құрылымдық бөлiгiнде жазылған құқық нормасы дәл осы актiнiң басқа құрылымдық бөлiктерiнде қайталап жазылмайды.
4. Нормативтiк құқықтық актiлердегi тапсырмалар мемлекеттiк органдардың не, қажет болғанда, олардың басшыларының атына жолдануға тиiс.
Тапсырма берушi адамға бағынысты емес мемлекеттiк органдарға қатысты нормативтiк құқықтық актiлердегi тапсырмалар ұсынымдық нысанда не олармен келiсiм бойынша жазылуға тиiс. Келiсiлген жағдайда мемлекеттiк органның атауынан кейiн «(келiсiм бойынша)» деген белгi көрсетiледi.
5. Нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнiнде мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың атаулары ресми атауына сәйкес толық және бүкiл мәтiн бойынша бiрiздi жазылуға тиiс.
Нормативтiк құқықтық акт мәтiнiнiң қарапайым және ықшам болуын қамтамасыз ету мақсатында нормативтiк құқықтық акт мәтiнiнiң өзiнде қысқартудың не аббревиатураның мағынасын таратып жаза отырып, мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың атауларын қысқартуға жол берiледi.
6. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiнiнде абзацтарды дефистермен немесе өзге де белгiлермен белгiлеуге, жекелеген сөздер мен сөз тiркестерiн ерекшелеп және астын сызып көрсетуге жол берiлмейдi.


20-бап. Нормативтiк құқықтық актiлерде басқа нормативтiк
құқықтық актiлердiң құрылымдық бөлiктерiне
сiлтеме жасау, нормативтiк құқықтық актiлердiң
құрылымдық бөлiктерiнде осындай актiлердiң басқа
құрылымдық бөлiктерiне сiлтеме жасау. Нормативтiк
құқықтық актiлерде басқа нормативтiк құқықтық
актiлердiң құрылымдық бөлiктерiн келтiру

1. Қажет болған жағдайда нормативтiк құқықтық актiлерде жоғары деңгейлердегi нормативтiк құқықтық актiлердiң құрылымдық бөлiктерiне сiлтемелер жасалуы, сондай-ақ осындай актiлерге сiлтеме жасала отырып, жоғары деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерден жекелеген құқық нормалары келтiрiлуi мүмкiн.
2. Нормативтiк құқықтық актiнiң құрылымдық бөлiктерiнде оның басқа құрылымдық бөлiктерiне сiлтемелер жасауға құқық нормаларының өзара байланысын көрсету не қайталауды болғызбау қажет болатын жағдайларда ғана жол берiледi.
3. Жолдарға және сөйлемдерге сiлтеме жасау кезiнде олардың нөмiрленуi реттiк сан есiмдермен (жазумен) белгiленедi.
4. Нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнiнде құрылымдық бөлiкке сiлтеме оның рет нөмiрiн жазумен немесе цифрлармен (оларды белгiлеу үшiн сын есiмдердi пайдалануға жол берiлмейдi) көрсету арқылы келтiрiледi.
5. Нормативтiк құқықтық актiге сiлтеме жасау кезiнде келесi кезектiлiгiмен оның тақырыбы, қабылданған күнi, тiркеу нөмiрi және осы нормативтiк құқықтық актiнiң нысаны көрсетiледi.
Заңнамалық актiлерге сiлтеме жасау кезiнде, Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар жарлықтарын қоспағанда, олар тiркелген нөмiрлердi көрсету талап етiлмейдi.
6. Егер нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнiнде бiр нормативтiк құқықтық актiге екi және одан артық сiлтемелер қатарынан келтiрiлсе, онда осы нормативтiк құқықтық актiнiң толық тақырыбы оған кейiннен сiлтеме жасала отырып, бiр рет (мәтiнде бiрiншi аталған кезде) көрсетiледi.
7. Егер нормативтiк құқықтық актiде қосымшаларға сiлтемелер болса, онда, нормативтiк құқықтық актiге бiр қосымша болатын жағдайды қоспағанда, нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнiнде олардың аталу тәртiбiмен берiлетiн қосымшалардың нөмiрлерi көрсетiледi.


21-бап. Нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерiстер және
(немесе) толықтырулар енгiзу туралы нормативтiк
құқықтық актiлердi ресiмдеу

1. Заңдарды қоспағанда, нормативтiк құқықтық актiге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзудi көздейтiн нормативтiк құқықтық актiнiң тақырыбында актiнiң нысанына, қабылданған күнiне, тiркеу нөмiрiне және тақырыбына сiлтеме қамтылуға тиiс.
Нормативтiк құқықтық актiге немесе нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерiстер және толықтырулар енгiзудi көздейтiн нормативтiк құқықтық актiнiң тақырыбында бiрiншi кезекте «өзгерiстер» немесе «өзгерiс» деген сөз көрсетiледi.
2. Заңнамалық актiлерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы заңнамалық акт жобасының мәтiнiнде осы заңнамалық актiлердiң тақырыбы, қабылданған жылы, күнi, айы, сондай-ақ жақшаның iшiнде олардың «Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы» жинағында жариялану жылы, нөмiрi және құжаты не, егер заңнамалық акт көрсетiлген жинақта жарияланбаса, осы Заңға сәйкес ресми жарияланымының өзге де дереккөзi көрсетiледi.
Нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы нормативтiк құқықтық акт жобасының мәтiнiнде осы нормативтiк құқықтық актiлердiң тақырыбы, қабылданған жылы, күнi, айы, тiркеу нөмiрi, сондай-ақ жақшаның iшiнде, егер олар «Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлер жинағы» және «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлерi жинағы» жинақтарында жарияланған болса, көрсетiлген жинақтардағы олардың жариялану жылы, нөмiрi және құжаты көрсетiледi.
3. Үш және одан да артық нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзiлген кезде жекелеген қосымшалармен ресiмделетiн тiзбелер жасалады.
Көрсетiлген талап заңнамалық актiлерге қолданылмайды.
4. Сол бiр нормативтiк құқықтық актiге енгiзiлетiн барлық өзгерiстер және (немесе) толықтырулар бiр тармақпен немесе тармақшамен көзделедi. Өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзiлетiн нормативтiк құқықтық актiлер олардың заң күшiнiң арақатынасына қарай, сондай-ақ олардың қабылданған (шығарылған) күнi бойынша хронологиялық тәртiппен орналастырылады.
Қабылданған сол бiр күннiң шегiнде нормативтiк құқықтық актiлер олардың тiркеу нөмiрлерiне немесе ресми жарияланым дереккөздерiндегi құжаттардың нөмiрлерiне сәйкес көрсетiледi.
5. Нормативтiк құқықтық актiнiң құрылымдық бөлiгiне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу кезiнде ондай құрылымдық бөлiк жаңа редакцияда жазылады.
Осы тармақтың талаптары Қазақстан Республикасының Парламентiне енгiзiлген заң жобаларын қарау кезiнде қолданылмауы мүмкiн.
6. Жаңа құрылымдық бөлiктер, сондай-ақ қосымшалар нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнiне дәл сондай соңғы құрылымдық бөлiктерден кейiнгi рет нөмiрлерiмен немесе дәл сондай құрылымдық бөлiктер арасына нормативтiк құқықтық актiнiң өздерi соңынан келетiн сол құрылымдық бөлiктерiнiң нөмiрлерiн қайталайтын қосымша нөмiрлермен енгiзiледi, мысалы: 2-1, 2-2-тармақтар; 8-1), 8-2) тармақшалар; 5-1-бөлiм; 3-1, 3-2, 3-3-қосымшалар.
Егер нормативтiк құқықтық акт қосымшамен толықтырылса, нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнiне нормативтiк құқықтық актiнi қосымшамен немесе нормативтiк құқықтық актiнiң туынды түрiмен толықтыру туралы тармақ (тармақша) енгiзiледi.
7. Құпиялылық белгiсi немесе «Қызмет бабында пайдалану үшiн», «Баспасөзде жарияланбайды», «Баспасөзге арналмаған» деген белгiлерi бар нормативтiк құқықтық актiлер тiзбеге олардың тақырыбы көрсетiлместен енгiзiледi.
8. Нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнiне нормативтiк құқықтық акт мәтiнiнiң жартысынан асатын көлемде өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзiлген кезде, оның жаңа редакциясы қабылданады.
Заң жобаларын жаңа редакцияда ресiмдеу кезiнде көлемдi айқындау бiрлiгi бап болып табылады.
Өзге де нормативтiк құқықтық актiнi жаңа редакцияда ресiмдеу кезiнде көлемдi айқындау бiрлiгi тармақ болып табылады.
Осы тармақтың талаптары Қазақстан Республикасының Парламентiне енгiзiлген заңдардың жобаларын қарау кезiнде қолданылмайды.


21-1-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң күшi жойылды
деп тану туралы нормативтiк құқықтық актiлердi
ресiмдеу

1. Нормативтiк құқықтық актiнiң қабылдануына байланысты нормативтiк құқықтық актiлер немесе олардың құрылымдық бөлiктерi, егер олар жаңа нормативтiк құқықтық актiге енгiзiлген құқық нормаларына қайшы келсе немесе оларда қамтылса, күшi жойылды деп танылады.
2. Жоғары деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiнiң күшi жойылды деп танылған кезде, оны iске асыру үшiн қабылданған төменгi деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлердiң күшi жойылды деп танылады.
Бұл талап жоғары деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiнiң жекелеген құқық нормаларын iске асыру үшiн төменгi деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлер қабылданып, одан сол құқық нормалары алып тасталған жағдайларда да қолданылады.
Күшi жойылды деп танылуға жататын нормативтiк құқықтық актiлер олардың заң күшiнiң арақатынасына қарай, сондай-ақ олардың қабылданған күнi бойынша хронологиялық тәртiппен орналастырылады.
3. Заңнамалық актiлердiң күшi жойылды деп тану туралы заңнамалық акт жобасының мәтiнiнде осы заңнамалық актiлердiң тақырыбы, қабылданған жылы, күнi, айы, сондай-ақ жақшаның iшiнде олардың «Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы» жинағында жариялану жылы, нөмiрi және құжаты не, егер заңнамалық акт көрсетiлген жинақта жарияланбаса, осы Заңға сәйкес ресми жарияланымының өзге де дереккөзi көрсетiледi.
Нормативтiк құқықтық актiлердiң күшi жойылды деп тану туралы нормативтiк құқықтық акт жобасының мәтiнiнде осы нормативтiк құқықтық актiлердiң тақырыбы, қабылданған жылы, күнi, айы, тiркеу нөмiрi, сондай-ақ жақшаның iшiнде, егер олар «Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерi жинағы» және «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлерi жинағы» жинақтарында жарияланған болса, көрсетiлген жинақтардағы олардың жариялану жылы, нөмiрi және құжаты көрсетiледi.
4. Нормативтiк құқықтық актiнiң қабылдануына байланысты күшi жойылды деп танылуға жататын нормативтiк құқықтық актiлердiң немесе олардың құрылымдық бөлiктерiнiң тiзбесi, не нормативтiк құқықтық актiнiң өзiнде немесе оны қолданысқа енгiзу тәртiбi туралы актiде қамтылуға тиiс.
5. Нормативтiк құқықтық актiнiң құрылымдық бөлiктерiнiң күшi жойылды деп танылған кезде ондай бөлiктер алып тасталады, бiрақ олардың нөмiрлерi сақталады. Сақталған нөмiрге нормативтiк құқықтық актiнiң (немесе оның құрылымдық бөлiгiнiң) күшi жойылды деп тану туралы нормативтiк құқықтық актiге сiлтеме қосылады. Сақталған құрылымдық бөлiктердiң нөмiрлерi өзгермейдi.
6. Егер нормативтiк құқықтық актiде нормативтiк құқықтық актiнiң көлемi бойынша үлкен бөлiгiнiң күшi жойылды деп танылса, онда күшi жойылды деп тануға арналған тiзбеге өзiнiң заң күшiн сақтайтын құрылымдық бөлiктер туралы ескертiлiп, бүкiл нормативтiк құқықтық акт енгiзiледi.
Егер нормативтiк құқықтық актiде нормативтiк құқықтық актiнiң көлемi бойынша кiшi бөлiгiнiң күшi жойылды деп танылса, онда күшi жойылды деп тануға арналған тiзбеге жаңадан қабылданған нормативтiк құқықтық актiге қайшы келетiн құрылымдық бөлiктер ғана енгiзiледi.
Бұл жағдайларда нормативтiк құқықтық актiнiң көлемi осы Заңның 21-бабының 8-тармағына сәйкес айқындалады.
7. Басқа нормативтiк құқықтық актiлердiң құқық нормаларын қайталайтын және жаңа құқық нормаларын қамтымайтын нормативтiк құқықтық актiлер де күшi жойылды деп танылуға жатады.
8. Негiзгi нормативтiк құқықтық актi де, оған өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзiлген нормативтiк құқықтық актiлер (немесе олардың құрылымдық бөлiктерi) де күшi жойылды деп танылуға жатады. Күшi жойылды деп танылуға жататын қандай да бiр нормативтiк құқықтық актiнiң немесе оның құрылымдық бөлiгiнiң редакциясы бiрнеше мәрте өзгерген жағдайда, тiзбеге негiзгi нормативтiк құқықтық актiге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзген барлық нормативтiк құқықтық актiлер дербес тармақтар түрiнде енгiзiледi.
Көрсетiлген талап заңнамалық актiлерге қолданылмайды.
9. Егер нормативтiк құқықтық актiде нормативтiк құқықтық актiлердiң күшi жойылды деп тануды көздеген басқа нормативтiк құқықтық актiнiң немесе оның құрылымдық бөлiгiнiң күшi жойылды деп танылса, бұрын қабылданған актiлердiң қолданысы қайта жаңғыртылмайды.
10. Күшiне енбеген нормативтiк құқықтық актiлердiң күшi жойылды деп тануға болмайды. Қажет болған жағдайда мұндай нормативтiк құқықтық актiлер қабылданбауы мүмкiн.
11. Қолданылу мерзiмi өткен нормативтiк құқықтық актiлер және нормативтiк құқықтық актiлердiң құрылымдық бөлiктерi күшi жойылды деп танылуға жатпайды.
Егер нормативтiк құқықтық актiде қолданылу мерзiмi өткен құқық нормаларымен қатар күшi жойылды деп танылуға жататын құқық нормалары қамтылса, тiзбеге бүкiл нормативтiк құқықтық акт енгiзiледi.
12. Егер нормативтiк құқықтық актiнiң құрылымдық бөлiгiнде күшi жойылды деп танылуға жататын қосымша көрсетiлсе, онда тiзбеге осы құрылымдық бөлiк қана енгiзiледi, ал қосымша бөлек ескертiлмейдi.
Егер нормативтiк құқықтық актiнiң құрылымдық бөлiгiнде қосымшаны бекiтумен қатар өз күшiн сақтайтын құқық нормасы қамтылса, ал қосымша күшi жойылды деп танылуға жатса, онда тармақ тiзбеге қосымшаға қатысты бөлiгiнде енгiзiледi, ал қосымша бөлек ескертiлмейдi.
13. Егер нормативтiк құқықтық актiнiң жекелеген құрылымдық бөлiктерiнiң күшi толығымен, ал басқа құрылымдық бөлiктердiң күшi iшiнара жойылуға жатады деп танылса, онда ең алдымен толығымен күшi жойылды деп танылуға жататын құрылымдық бөлiктер көрсетiледi.


21-2-бап. Нормативтiк құқықтық актiлерге қосымшаларды
ресiмдеу

1. Қосымшалар нормативтiк құқықтық актiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
2. Нормативтiк құқықтық актiге берiлетiн графиктер, кестелер, схемалар, карталар, тiзбелер және басқа да қосымша құжаттар қажет болған жағдайда бөлек қосымшалармен ресiмделедi.
3. Қосымшаның бiрiншi парағының жоғарғы оң жақ бұрышында қосымша соған сәйкес бекiтiлген нормативтiк құқықтық акт, актiнiң қабылданған күнi және оның тiркеу нөмiрi көрсетiлуге тиiс.
4. Егер нормативтiк құқықтық актiге бiрнеше қосымша болған жағдайда, әрбiр қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышында оның рет нөмiрi, сондай-ақ қосымша соған сәйкес бекiтiлген нормативтiк құқықтық актiнiң түрi, актiнiң қабылданған күнi және оның тiркеу нөмiрi көрсетiледi. Егер нормативтiк құқықтық актiге қосымша бiреу болса, онда ол нөмiрленбейдi.
5. Құпиялылық белгiсi немесе «Қызмет бабында пайдалану үшiн», «Баспасөзде жарияланбайды», «Баспасөзге арналмаған» деген белгiлерi бар нормативтiк құқықтық актiлердi ресiмдеу осы бапқа және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.


21-3-бап. Заңнамалық актiнiң жобасын Қазақстан
Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне енгiзу
және оны Қазақстан Республикасының
Парламентiнен керi қайтарып алу

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 1-тармағына сәйкес заң шығару бастамашылығы құқығы Қазақстан Республикасының Президентiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттарына, Қазақстан Республикасының Үкiметiне тиесiлi және ол тек қана Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiнде iске асырылады. Заңнамалық актiнiң жобасы Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне қазақ және орыс тiлдерiнде, қағаз және электрондық жеткiзгiштер арқылы енгiзiледi.
2. Заңнамалық актiнiң жобасы бойынша ұсынылатын материалдарда мынадай қосымшалар болуға тиiс:
1) жобаны дайындаған мемлекеттiк органның немесе ұйымның атауы;
2) жобаны қабылдаудың қажеттiгi негiзделген, мақсаттары, мiндеттерi, негiзгi ережелерi кеңiнен сипатталған түсiндiрме жазба, ал Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң шығару бастамашылығы тәртiбiмен Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне енгiзiлетiн заңнамалық актiлердiң жобалары үшiн – арнайы жолдау;
3) жұмыс тобы құрылатын жағдайда оның құрамы;
4) Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң шығару бастамашылығы тәртiбiмен енгiзiлетiн заңнамалық актiлердiң жобалары келiсу рәсiмiнен өтпеген жағдайларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары заң шығару бастамашылығы тәртiбiмен заң жобасын енгiзетiн жағдайларды қоспағанда, мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсу парағы;
5) осы Заңның 22-бабына сәйкес ғылыми сараптаманың қорытындысы және бар болған жағдайда өзге де сараптамалық қорытындылар;
6) егер заңнамалық актiнiң жобасы мемлекеттiк кiрiстердi қысқартуды немесе мемлекеттiк шығыстарды ұлғайтуды көздейтiн болса, қаржы-экономикалық есептеулер, сондай-ақ, әдетте, статистикалық деректер, заңнамалық актiнi қолданудың ықтимал экономикалық, әлеуметтiк, заңдық, экологиялық салдарларының болжамдары, бұған Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң шығару бастамашылығытәртiбiмен Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне енгiзiлетiн заңнамалық актiлердiң жобалары қосылмайды.
Заңнамалық актiлерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы заңнамалық актiнiң жобасына заңнамалық актiнiң құрылымдық бөлiктерiнiң қолданыстағы және енгiзiлетiн өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың тиiстi негiздемесi бар ұсынылып отырған редакциясының салыстырма кестесi ұсынылады.
3. Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары және Қазақстан Республикасының Үкiметi өздерi заң шығару бастамашылығы тәртiбiмен енгiзген заңнамалық актiнiң жобасын Қазақстан Республикасының Парламентiнен оны қараудың кез келген сатысында керi қайтарып алуға құқылы.


4-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына ғылыми
сараптама


22-бап. Ғылыми сараптаманың мiндеттерi

1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң реттейтiн құқық қатынастарына карай осы актiлердiң жобалары бойынша ғылыми (сыбайлас жемқорлыққа қарсы, құқықтық, лингвистикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптама жүргiзiлуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қарауына енгiзiлетiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары бойынша олармен реттелетiн құқықтық қатынастарға қарай ғылыми сараптама, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргiзiлуге мiндеттi, бұған заңнамалық актiлердiң жобалары Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң шығару бастамасы тәртiбiмен енгiзiлiп, онда ғылыми сараптама жүргiзiлмеуi мүмкiн болатын жағдайлар қосылмайды.
2. Сондай-ақ мына нормативтiк құқықтық актiлердiң:
1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулыларының
Қолданушылар назарына!
2) тармақша 2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi.
2) Қазақстан Республикасы министрлерiнiң және орталық мемлекеттiк органдардың өзге де басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулыларының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулыларының
Қолданушылар назарына!
3) тармақша 2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi.
3) мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерiнiң, әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулыларының, әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерiнiң жобалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама мiндеттi түрде жүргiзiлуге тиiс.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң және Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулыларының жобалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргiзiлмейдi.
3. Қабылдау салдары экологиялық, оның iшiнде радиациялық қауiпсiздiкке, қоршаған ортаны қорғауға қатер төндiруi мүмкiн заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына мiндеттi ғылыми экологиялық сараптама жүргiзiлуге тиiс.
4. Сараптама:
1) жобаның сапасын, негiздiлiгiн, уақтылығын, құқыққа сыйымдылығын, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген адам және азамат құқықтарының жобада сақталуын бағалау;
2) нормативтiк құқықтық актiнiң ықтимал тиiмдiлiгiн айқындау;
3) жобаның нормативтiк құқықтық акт ретiнде қабылдануының ықтимал терiс салдарын анықтау үшiн жүргiзiледi.
5. Нормативтiк құқықтық актiлер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың негiзгi мiндеттерi:
1) құқықтық реттеудiң сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететiн нормалары мен олқылықтарын анықтау;
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың ықтимал жасалуы бөлiгiнде нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын қабылдаудың салдарларын бағалау;
3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға тосқауыл қоятын нормативтiк құқықтық актiлер жобаларының нормаларын ұсынымдар түрiнде әзiрлеу болып табылады.
6. Ғылыми сараптаманы жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.10.14 N 194 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз, 2009.10.20 жарияланды) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.04.01 N 425-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


23-бап. Сараптаманы жүзеге асыратын адамдар мен ұйымдар

1. Нормативтiк құқықтық актiлер жобаларының ғылыми сараптамасын тиiстi бейiмдi ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындары, қаралатын жобаның мазмұнына қарай ғалымдар мен мамандар арасынан тартылатын сарапшылар жүргiзедi. Сараптама жүргiзу бiр немесе бiрнеше сарапшыға (сараптама комиссиясына) тапсырылуы мүмкiн.

1-1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары әзiрлеген және Қазақстан Республикасының Парламентiне енгiзуге жататын заң жобалары бойынша қазақ және орыс тiлдерiндегi мәтiндердiң тең түпнұсқалығы бөлiгiнде ғылыми лингвистикалық сараптаманы уәкiлеттi ұйым жүргiзедi.

2. Жоба бойынша мамандықтары әр түрлi сарапшылардың кешендi сараптамасы немесе әр түрлi сараптаманың дербес түрлерi, ал қажет болған жағдайда - қайталама сараптама жүргiзiлуi мүмкiн.

3. Сарапшылар ретiнде жобаны дайындауға тiкелей қатыспаған ұйымдар мен адамдар тартылады.

4. Сарапшылар ретiнде басқа мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан мамандар тартылуы мүмкiн.
Жоба ғылыми сараптамадан өткiзу үшiн шетелдiк және халықаралық ұйымдарға жiберiлуi мүмкiн.
Ескерту. 23-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.


24-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын
сараптамаға жiберу кезiндегi бастамашылық

1. Нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына сараптама жүргiзу туралы шешiмдi:

1) жобаны заң шығару бастамасы тәртiбiмен Мәжiлiске енгiзетiн Қазақстан Республикасының Президентi немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары және Қазақстан Республикасының Үкiметi;

2) уәкiлеттi орган;

3) уәкiлеттi органның лауазымды адамдары немесе құрылымдық бөлiмшелер, егер уәкiлеттi органның регламентiмен немесе басқа заңдармен осы адамдарға және құрылымдық бөлiмшелерге мұндай құқық берiлген болса, қабылдауы мүмкiн.

2. Нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы шарттық негiзде дайындалатын жағдайларда (осы Заңның 14-бабының 6 және 7-тармақтары) жоба сараптамасы жобаға тапсырыс берушiнiң шешiмi бойынша жүргiзiлуi мүмкiн.
Ескерту. 24-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.07.04 N 57, 2011.04.01 N 425-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


5-тарау. Нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау мен оны күшiне
енгiзу тәртiбi


25-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау
тәртiбiн белгiлеу

1. Нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау тәртiбi Қазақстан Республикасының Конституциясымен және осы Заңмен белгiленедi.

2. Нормативтiк құқықтық актiлердiң әр алуан түрлерiн қабылдау тәртiбiнiң ерекшелiктерi сонымен қатар:

1) кодекстер үшiн - осы Заңмен.
Кодекстер, оларға өзгерiстер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Парламентi Палаталарының бөлек отырыстарында өз кезегiмен қарау арқылы кемiнде екi оқылымда қабылданады;

2) заңдар үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Парламентi туралы, Қазақстан Республикасының Президентi туралы, референдум туралы заң актiлерiмен, өзге де заң актiлерiмен, оның iшiнде Парламент пен оның палаталарының регламенттерiмен;

2-1) Парламенттiң және оның палаталарының нормативтiк қаулылары үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Парламентi туралы заң актiлерiмен;

3) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтары үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Президентi туралы заң актiсiмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң осы тәртiптi реттейтiн актiлерiмен;

4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Үкiмет туралы заң актiсiмен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiмен;

5) орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының Қазақстан Республикасы Үкiметi құрамына кiретiндерiнiң де, кiрмейтiндерiнiң де, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерi үшiн - Үкiмет пен осы органдар туралы заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарымен, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң осы органдардың қызметiн реттейтiн қаулыларымен;

6) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң нормативтiк қаулылары үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы заң актiлерiмен;

7) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары үшiн - Қазақстан Республикасының соттары туралы заңдармен;

8) Орталық сайлау комиссиясының (Референдум өткiзу жөнiндегi комиссияның) нормативтiк қаулылары үшiн - сайлау және референдум туралы заң актiлерiмен;
8-1) (алып тасталды - ҚР 2007.07.27 N 315 Заңымен);

9) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың нормативтiк шешiмдерi үшiн - осы органдар туралы заң актiлерiмен, өзге де заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiмен айқындалады.

3. Уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау жөнiндегi құзыретi Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделген жағдайларда ғана уәкiлеттi органның осы актiнi қабылдауына жол берiледi.
Ескерту. 25-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2002.03.06 N 298 (2002.01.01 бастап күшiне енедi), 2004.06.16 N 566, 2007.07.27 N 315 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


26-бап. Нормативтiк құқықтық актiнi күшiне енгiзу
тәртiбi

1. Нормативтiк құқықтық актiнi күшiне енгiзу тәртiбi нормативтiк құқықтық актiнiң өзiнде белгiленуi мүмкiн.

2. Заңдарды, оның iшiнде кодекстердi күшiне енгiзу тәртiбi заңдардың (кодекстердiң) өзiне немесе жеке заңдармен белгiленедi.


27-бап. Жаңа нормативтiк құқықтық актiнiң қабылдануына
байланысты нормативтiк құқықтық актiлердiң
және олардың бөлiктерiнiң күшi жойылды деп
тану, оларды өзгерту мен толықтыру

Ескерту. 27-бап алып тасталды - ҚР 2011.04.01N 425-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.


28-бап. Қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық
актiлерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу

Ескерту. 28-бап алып тасталды - ҚР 2011.04.01N 425-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.


29-бап. Нормативтiк құқықтық актiлерге қол қоюға
уәкiлдiк берiлген адамдар

1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми мәтiндерiне мынадай лауазымды адамдар:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, конституциялық заңдарына, кодекстерiне, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарына, оның iшiнде Конституциялық заң немесе Заң күшi бар Жарлықтарына - Қазақстан Республикасының Президентi;

2) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулыларына - Мәжiлiстiң төрағасы;

3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларына - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi;

4) мәслихаттың шешiмдерiне - мәслихат сессиясының төрағасы;

5) әкiмдiктiң қаулыларына, әкiмнiң шешiмдерiне - әкiм;

6) өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге - оны қабылдаған (шығарған) органның басшысы қол қояды.

2. Негiзгi түрдегi нормативтiк құқықтық акт арқылы нормативтiк құқықтық актiнiң туынды түрiн қабылдаған жағдайда (осы Заңның 3-бабының 4-тармағы) уәкiлдiк берiлген адам негiзгi түрдегi нормативтiк құқықтық актiге ғана қол қояды.
Ескерту. 29-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2002.03.06 N 298 (2002.01.01 бастап күшiне енедi), 2007.06.29 N 271 Заңдарымен.


29-1-бап. Қабылданған нормативтiк құқықтық актiлерге
қатысты құқықтық мирасқорлық

Нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау құқығы берiлген мемлекеттiк орган қайта ұйымдастырылған жағдайда, құқықтық мирасқорға өз құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау құқығымен бiрге нормативтiк құқықтық актiлердi өзгерту, олардың қолданысын тоқтату және тоқтата тұру жөнiндегi өкiлеттiктер ауысады.
Ескерту. 5-тарау 29-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.04.01 N 425-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.


6-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлердi жариялау


30-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми
жариялаудың мiндеттiлiгi

1. Барлық заңдар, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми жариялануы оларды қолданудың мiндеттi шарты болып табылады.
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлер жинағы, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағы ресми басылымдар болып табылады.

2. Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялауды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен конкурстық негiзде мұндай құқық алған мерзiмдi баспа басылымдары да жүзеге асырады.
Нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялауды баспа басылымдары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен және олар жариялайтын мәтiндер Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне сәйкестiк сараптамасынан өткiзiлген жағдайда жүзеге асырады.
Нормативтiк құқықтық актiлер мәтiндерiнiң кейiннен ресми жариялануының белгiленген тәртiбiнiң сақталуын бақылауды әдiлет органдары жүзеге асырады.
Нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялауды жүзеге асыру құқығын беру тәртiбi осы баптың 1-тармағының екiншi бөлiгiнде аталған, нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау қажеттiлiгi туралы өз бетiнше шешiм қабылдайтын ресми басылымдарға қолданылмайды.

3. Құқық қолдану тәжiрибесiнде нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми жарияланымдары пайдаланылуы тиiс.

4. Нормативтiк құқықтық актiлердiң бейресми жариялануына олар ресми жарияланғаннан кейiн ғана жол берiледi.
Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.03.06 N 298 (2002.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2005.10.21 N 81, 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.06.29 N 271, 2007.07.27. N 315 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


31-бап. Заң актiлерiн ресми жариялау

1. Қазақстан Республикасының заң актiлерi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысында, сондай-ақ осы Заңның 30-бабында белгiленген тәртiппен басқа да баспа басылымдарында ресми жарияланады.

2. Заң актiлерiн ресми жариялау Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таратылатын мерзiмдi баспа басылымдарында ғана жүзеге асырылады.
Ескерту. 31-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.03.06 N 298 (2002.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен.


32-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары
мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларын
ресми жариялау

1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлер жинағында, сондай-ақ осы Заңның 30-бабында белгiленген тәртiппен басқа да баспа басылымдарында ресми жарияланады.

2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларын ресми жариялау Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таратылатын мерзiмдi баспа басылымдарында ғана жүзеге асырылады.
Ескерту. 32-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.03.06 N 298 (2002.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен.


33-бап. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және
өзге де орталық мемлекеттiк органдарының
нормативтiк құқықтық актiлерiн ресми жариялау

1. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерi осы Заңның 30-бабында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында, сондай-ақ басқа да мерзiмдi баспа басылымдарында ресми жарияланады.

2. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiн ресми жариялау Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таратылатын мерзiмдi баспа басылымдарында ғана жүзеге асырылады.
Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.03.06 N 298 (2002.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.06.29 N 271, 2007.07.27 N 315 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


34-бап. Мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерiн,
әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары
мен әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерiн
ресми жариялау

1. Мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерiн, әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары мен әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерiн ресми жариялау осы Заңның 30-бабында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

2. Мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерiн, әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары мен әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерiн ресми жариялау тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында таратылатын мерзiмдi баспа басылымдарында жүзеге асырылады.
Ескерту. 34-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.03.06 N 298 (2002.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен.


35-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны толық
жарияламауға жол бермеу

Мемлекеттiк құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпиялар бар нормативтiк құқықтық актiлердi қоспағанда, нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұнын ресми түрде толық жарияламауға жол берiлмейдi.


35-1-бап. Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк
органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң
жариялануын бақылау

1. Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жариялануын бақылауды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады.

2. Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жариялануын бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Ескерту. 35-1-баппен толықтырылды - ҚР 2002.03.06 N 298 (2002.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен.


7-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлердiң уақыт, кеңiстiк
жағынан және тұлғалар бойынша қолданылуы


36-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi күшiне енгiзу
және қолданысқа енгiзу уақыты

1. Осы тармақтың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген нормативтiк құқықтық актiлердi қоспағанда, нормативтiк құқықтық актiлер оларға қол қойылғаннан кейiн күшiне енедi.
Осы Заңның 38-бабына сәйкес әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiс нормативтiк құқықтық актiлер мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi.

2. Нормативтiк құқықтық актiлер мынадай мерзiмдерде:

1) Қазақстан Республикасының заң актiлерi, Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның палаталарының қаулыларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулылары, егер актiнiң өзiнде немесе оларды қолданысқа енгiзу туралы актiлерде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе - олар алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң

2) Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның палаталарының қаулылары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары, егер актiлердiң өзiнде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе - алғашқы ресми жарияланған күннен бастап;

3) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң қаулылары - оларды қабылдаған күннен бастап;

4) Қазақстан Республикасының министрлерi мен орталық мемлекеттiк органдардың өзге де басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары, Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары, мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерi, сондай-ақ әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары мен әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерi, егер актiлердiң өзiнде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе - олар қабылданған күннен бастап;

5) әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiстi, осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген нормативтiк құқықтық актiлер, егер актiлердiң өзiнде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе - олар алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

3. Нормативтiк құқықтық актiлерде немесе оларды қолданысқа енгiзу туралы актiлерде нормативтiк құқықтық актiлердiң жекелеген бөлiмдерiн, тарауларын, баптарын, бөлiктерiн, тармақтарын, тармақшаларын және баптарының абзацтарын қолданысқа енгiзудiң тұтас алғанда бүкiл акт үшiн белгiленгеннен өзге мерзiмдерi көрсетiлуi мүмкiн.

4. Бұрын жауапкершiлiкке әкеп соқпаған iс-әрекеттер үшiн заңдық жауапкершiлiк көзделетiн не бұрынғымен салыстырғанда неғұрлым қатаң жауапкершiлiк белгiленетiн нормативтiк құқықтық актiнi, бұл акт ресми жарияланғаннан кейiн он күн мерзiм өткенге дейiн қолданысқа енгiзуге болмайды.

4-1. Бiлiктiлiк талаптарын, қызмет түрлерiн лицензиялаудың ережелерiн және экспорты мен импорты лицензиялануға тиiс жекелеген тауарлар тiзбелерiн бекiтетiн нормативтiк құқықтық актiлер осы актiлер ресми жарияланғаннан кейiн жиырма бiр күндiк мерзiм өткенге дейiн қолданысқа енгiзiле алмайды.

5. Егер нормативтiк құқықтық актiнiң едәуiр көлемдi болуына байланысты оның мәтiнi мерзiмдi баспасөз басылымының бiрнеше нөмiрiнде жарияланса, онда нормативтiк құқықтық актi мәтiнiнiң қорытынды бөлiгi жарияланған күн ресми жарияланған күн болып есептеледi.
Нормативтiк құқықтық актiлер мерзiмдi баспасөз басылымдарында мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде бiр мезгiлде жариялануға тиiс.

6. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау оларды қолданысқа енгiзудiң мiндеттi шарты болып табылады.

7. Республиканың мемлекеттiк құпияларын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияларды қамтитын нормативтiк құқықтық актiлер олардың қабылданған күнiнен бастап немесе актiнiң өзiнде көрсетiлген мерзiмдерде қолданысқа енгiзiледi.

8. Барлық нормативтiк құқықтық актiлерде осы баптың нормалары ескерiле отырып, оларды қолданысқа енгiзу мерзiмi көрсетiлуге тиiс.
Ескерту. 36-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2002.03.06 N 298 (2002.01.01 бастап күшiне енедi), 2004.06.16 N 566, 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн2-баптан қараңыз), 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2007.06.29 N 271, 2007.07.27 N 315 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


37-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң керi күшi

1. Нормативтiк құқықтық актiнiң күшi оны күшiне енгiзгенге дейiн пайда болған қатынастарға қолданылмайды.

2. Нормативтiк құқықтық актiнiң немесе оның бiр бөлiгiнiң керi күшi оның өзiнде немесе нормативтiк құқықтық актiнi күшiне енгiзу туралы актiде көзделген, сондай-ақ кейiнгiсi бұрын көзделген құқық бұзушылық үшiн жауапкершiлiктi жоятын немесе жұмсартатын жағдайлар осы баптың 1-тармағының ережелерiне кiрмейдi.

3. Жауапкершiлiктi белгiлейтiн немесе күшейтетiн, азаматтарға жаңа мiндеттер жүктейтiн немесе олардың жағдайын нашарлататын нормативтiк құқықтық актiлердiң керi күшi болмайды.


38-бап. Орталық атқарушы және өзге де орталық
мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық
актiлерiн олардың күшiне енгiзiлу шарты
ретiнде мемлекеттiк тiркеу

1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулыларын қоспағанда, мемлекеттiк органдардың осы Заңның 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында аталған, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлерi Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiс. Мұндай тiркеу оларды күшiне енгiзудiң қажеттi шарты болып табылады.
Тiркелмеген нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдық күшi болмайды және әдiлет органдарының шешiмiне белгiленген тәртiппен шағым берiлмесе, оларды шығарған органның өзi жоюға тиiс.

Нормативтiк құқықтық актiнiң осы тармақта белгiленген өлшемдерге сәйкестiгiн Әдiлет министрлiгi мен оның аумақтық органдары айқындайды.

2. Егер мемлекеттiк тiркелуге тиiстi нормативтiк құқықтық акт:

1) азаматтардың заңда белгiленген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаса;

2) жоғары тұрған деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келсе;

3) нормативтiк құқықтық актiнi шығарған органның құзыретiне шегiнен шығып кетсе;

4) егер келiсу қажет болып, келiсiлмесе;

4-1) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғаса және жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерi ұсынған сараптамалық қорытындылар түрiнде қосымшалары болмаса;

5) мемлекеттiк тiркеу ережелерiнде белгiленген тәртiптi, сондай-ақ мемлекеттiк тiркеуге жататын нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын ресiмдеу мен келiсу тәртiбiн бұза отырып қабылданса, мұндай актiнi тiркеуден бас тартылуы мүмкiн.

3. Мүдделi мемлекеттiк орган мемлекеттiк тiркелуге тиiстi нормативтiк құқықтық актiнi тiркеуден бас тартылуына сот тәртiбiмен шағымдануы мүмкiн.

4. Нормативтiк құқықтық актiлердi ресiмдеу, келiсу және мемлекеттiк тiркеу ережесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Ескерту. 38-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2002.03.06 N 298 (2002.01.01 бастап күшiне енедi), 2004.06.16 N 566, 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн2-баптан қараңыз), 2007.06.29 N 271, 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.04.01 N 425-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


39-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң қолданылу мерзiмi

1. Егер актiнiң өзiнде немесе оны күшiне енгiзу туралы актiде өзгеше көзделмесе, нормативтiк құқықтық акт мерзiмсiз қолданылады.

2. Бүкiл нормативтiк құқықтық акт немесе оның жекелеген бөлiгi (жекелеген бөлiктерi) үшiн уақытша қолданылу мерзiмi белгiленуi мүмкiн. Бұл жағдайда нормативтiк құқықтық акт немесе оның бөлiгi қандай мерзiмде күшiн сақтайтыны көрсетiлуге тиiс. Актiнi шығарған орган бұл мерзiм өткенге дейiн актiнiң қолданылуын жаңа мерзiмге ұзарта алады немесе оған мерзiмсiз сипат бере алады.


40-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң қолданылуын
тоқтата тұру және тоқтату

1. Нормативтiк құқықтық актiнiң немесе оның жекелеген нормаларының қолданылуы белгiлi бiр мерзiмге тоқтатыла тұруы мүмкiн. Нормативтiк құқықтық актiнiң немесе оның жекелеген нормаларының қолданылуын тоқтата тұру жеке нормативтiк құқықтық актiмен жүзеге асырылады.

2. Нормативтiк құқықтық акт (оның бөлiгi немесе бөлiктерi) мынадай жағдайларда:

1) акт немесе оның бөлiгi (бөлiктерi) қабылданған мерзiм бiткенде;

2) бұрын шығарылған нормативтiк құқықтық актiнiң, оның бөлiктерiнiң (бөлiгiнiң) ережелерi қайшы келетiн немесе бұрын шығарылған актiнi немесе оның бөлiгiн (бөлiктерiн) қамтитын жаңа нормативтiк құқықтық акт қабылдағанда;

3) қабылданған акт Қазақстан Республикасының Конституциясында белгiленген тәртiппен конституциялық емес деп танылғанда;

4) сол актiнi қабылдаған орган немесе оны қабылдауға уәкiлдiк берiлген өзге де орган актiнiң немесе оның бөлiгiнiң (бөлiктерiнiң) күшi жойылды деп танығанда өзiнiң қолданылуын тоқтатады.

3. Басқа нормативтiк құқықтық актiнiң қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру туралы нормативтiк құқықтық актiнi жариялау осы Заңда көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 40-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2002.03.06 N 298 (2002.01.01 бастап күшiне енедi), 2004.06.16 N 566, 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.


41-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң кеңiстiк
жағынан қолданылуы

1. Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Парламентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, орталық атқарушы және өзге де орталық уәкiлеттi органдар қабылдаған Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң қолданылу күшi, егер нормативтiк құқықтық актiлердiң өздерiнде немесе оларды күшiне енгiзу туралы актiлерде өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына таралады.

2. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар қабылдаған нормативтiк құқықтық актiлер тиiстi аумақтарда қолданылады.


42-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң тұлғалар
бойынша қолданылуы

1. Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына, сондай-ақ оның аумағындағы шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады, бұған заң актiлерiнде және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайлар қосылмайды.

2. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық өкiлдерi мен мемлекеттiк органдарының басқа да кейбiр қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi халықаралық шарттарда және халықаралық құқықтың жалпы танылған принциптерi мен нормаларында көзделген шектерде қолданылады (дипломатиялық иммунитет).


43-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдылығын
қамтамасыз ету шаралары

1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдылығы мынадай шаралар арқылы:

1) нормативтiк құқықтық актiнi Конституция мен заңға сәйкес келтiру;

2) нормативтiк құқықтық актiнiң қолданылуын белгiленген тәртiппен тоқтата тұру;

2-1) нормативтiк құқықтық актiлердiң құқықтық мониторингiн жүргiзу;

3) нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу кезiнде заңдарға сәйкестiгiн тексеру арқылы қамтамасыз етiледi.

2. Қазақстан Республикасының Конституциясында және басқа да заң актiлерiнде белгiленген құзыретiне сәйкес нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдылығын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдары мен лауазымды адамдары мыналар:

1) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi;

2) соттар;

3) Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және оған бағынысты прокурорлар;

4) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi және оның аумақтық органдары;

5) төмен тұрған органдар қабылдаған нормативтiк құқықтық актiлер жөнiнен - мемлекеттiк органдар;

6) өздерi қабылдаған және (немесе) әзiрлеушi болып табылатын заңнан туындайтын нормативтiк құқықтық актiлерге қатысты - заңнан туындайтын тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдаған және (немесе) оларды әзiрлеушiлер болып табылатын уәкiлеттi органдар.
Ескерту. 43-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.04.01 N 425-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


43-1-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң құқықтық
мониторингi

1. Уәкiлеттi органдар өздерi қабылдаған және (немесе) әзiрлеушi болып табылатын нормативтiк құқықтық актiлердiң құқықтық мониторингiн жүзеге асыруға және оларға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу және олардың күшi жойылды деп тану жөнiндегi шараларды уақтылы қабылдауға мiндеттi.

2. Нормативтiк құқықтық актiлердiң құқықтық мониторингiн жүргiзу ережесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
Ескерту. 43-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.04.01 N 425-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.


8-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми түсiндiру


44-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми түсiндiру
реттерi мен жағдайлары

1. Нормативтiк құқықтық актiлерде көмескiлiктер мен әркелкi түсiнушiлiк оларды қолдану тәжiрибесiнде қайшылықтар анықталған реттерде нормативтiк актiде қамтылған құқықтар нормаларға ресми түсiндiру берiлуi мүмкiн.

2. Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми түсiндiру процесiнде оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.

3. Заң актiлерiнiң нормалары Қазақстан Республикасы Конституциясының қағидаларына толық сәйкестiкте түсiндiрiлуге тиiс.

4. Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлердiң мағынасы оларды түсiндiрген кезде заң актiлерiне толық сәйкестiкте ашылуға тиiс.

5. Нормативтiк құқтық актiлердегi құқықтық нормалар iске асырылғанда, соның iшiнде оларды қолданғанда, оларды ресми түсiндiрудiң мiндеттi сипаты болады.
Ескерту. 43-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.


45-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми түсiндiрудi
жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар

1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Конституция нормаларына ресми түсiндiрме бередi.

2. Заңға тәуелдi актiлердiң ресми түсiндiрмесiн оларды қабылдаған (шығарған) органдар немесе лауазымды адамдар бередi.


9-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлердi жүйеге келтiру мен
есепке алу


46-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi жүйеге келтiру

1. Нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайтын мемлекеттiк органдар осы актiлердiң есебiн жүргiзедi және оларды жүйеге келтiредi, өздерi қабылдаған актiлердiң бақылау даналарына жүргiзiп, оларға ағымдағы өзгерiстер мен толықтырулардың бәрiн уақтылы енгiзiп отырады.

2. Мемлекеттiк органдар өздерi қабылдаған нормативтiк құқықтық актiлердiң жинағын мезгiл-мезгiл шығарып отырады не мұндай жинақтарды шығару туралы өзге мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға тапсырма бередi.


47-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк
есебi

1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк есебiн Қазақстан Республикасы әдiлет органдары жүзеге асырады. Мемлекеттiк есеп мұндай актiлердi орталықтандыра жинақтауды, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзудi қамтиды.
Қазақстан Республикасы Үкiметi Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды.
Мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзуге жататын нормативтiк құқықтық актiлердiң қағазға басылған және электронды түрдегi, мемлекеттiк органның мөрiмен расталған немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған көшiрмелерiн Қазақстан Республикасы әдiлет органдарына жiбередi.

2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi құқықтық ақпараттың бiрыңғай жүйесiн жасайды, министрлiктер мен басқа да орталық мемлекеттiк органдарға анықтамалық-ақпараттық жұмыста көмек көрсетедi.
Ескерту. 47-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.10.21 N 81, өзгерiс енгiзiлдi - 2007.06.29 N 271 Заңдарымен.


48-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жариялылығы

Барлық уәкiлеттi органдар мүдделi адамдарға мемлекеттiк құпиясы немесе заңмен қорғалатын құпиясы барларын қоспағанда, қабылданған нормативтiк актiлермен танысуға рұқсат беруге мiндеттi.

Қазақстан Республикасының
Президентi

Құрметті сайтқа кірушілер!

Мен Сіздерді Қарағанды облыстық мәслихатының ресми веб-сайтында көргеніме қуаныштымын!

  • Фотогалерея
  • ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС

Статистика посетителей

  • 1426за неделю
  • 593за сутки
  • 35сейчас на сайте

Мы в Твиттере

Дауыс беру

  • Жаңалықтар
  • Cессиялары
  • Шешімдерi
Қарағанды облыстық мәслихатының XIII сессиясы төрағасының ШЕШІМІ 18.03.2013

Қарағанды облыстық мәслихатының XIII сессиясы төрағасының ШЕШІМІ облыстық мәслихаттың XIII сессиясын шақыру туралы

2013 жылдың 12 наурыз бен 21 наурыз аралығында 11 неміс оқушысы мен 2 ұстазы қонақ ретінде қазақ жеріне жауапты сапармен келді. 21.03.2013

2012 жылы Қарағанды облысы, Шашубай кентінің оқушылары «Кеңес Одағының құлағанына 20 жыл, Берлин қабырғасының алынғанына 20 жыл» атты зияткерлік сайысында бірінші орын алып, нәтижесінде оқушылар құрдастарымен кездесуге Германияға баруға мүмкіндік алды.

Облыстық мәслихаттың кезекті XIII сессиясы 28.03.2013

2013 жылдың 28 наурызында облыс әкімдігінде депутат Гүлнар Қадыржанқызы Бижанованың төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың кезекті XIII сессиясы өтті.

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс XV сессиясы 06.06.2013

2013 жылдың 5 маусым күні облыс әкімдігінде облыстық мәслихаттың депутаты М.Шамбуловтың төрағалық етуімен мәслихаттың кезектен тыс  XV сессиясы өтті.

2017 жыл 11.04.2017 17:16:00

2016 жыл

Қарағанды Облыстық Мәслихатының 5 шақырылымдағы 2016 жылғы шешімдер тізбесі

2015 жыл

Қарағанды Облыстық Мәслихатының 5 шақырылымдағы 2015 жылғы шешімдер тізбесі

akorda.kz

Официальный сайт Президента РК

government.kz

Официальный сайт Правительства РК

parlam.kz

Официальный сайт Парламента РК

karaganda-region.kz

Сайт акимата Карагандинской области