Облыстық мәслихаттың кезектен тыс XV сессиясы

2013 жылдың 5 маусым күні облыс әкімдігінде облыстық мәслихаттың депутаты М.Шамбуловтың төрағалық етуімен мәслихаттың кезектен тыс XV сессиясы өтті.

Сессияның жұмысына Қарағанды облысының әкімі Әбдішев Бауыржан Түйтеұлы, облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Сессия жұмысында келесі мәселелер қаралды.


  • Қарағанды облысы әкімдігінің консультативтік-кеңестік құрамы бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы.
  • Ұйымдастыру мәселесі.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 20 бабы, 3 тармағының, 1) тармақшасы және №2 Бұқар жырау сайлау округі бойынша депутат Б.Қ. Жұмабековтің депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы облыстық сайлау комиссиясының ұсынысы негізінде, облыстық мәслихат депутаттары Б.Қ. Жұмабековтің Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалуына байланысты депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы және Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы қызметінен босату туралы шешімдер қабылдады.

Сессияда облыстық мәслихаттың депутаттары Қарағанды облыстық мәслихатының бесінші шақырылымдағы жаңа хатшысын бір ауыздан сайлады. Қарағанды облыстық мәслихатының бесінші шақырылымдағы жаңа хатшысы болын Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбеков сайланды.

Н.О. Дулатбеков 1962 жылы 5 мамырда Қарағанды облысында туған. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін 1984 жылы «құқықтану» мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасы ҒА философия және құқық Институтының аспирантурасын (1992 ж.) бітірген, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиясының корреспондент-мүшесі.

1984 жылы университетті бітіргеннен кейін еңбек жолын Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастады.

1984-1986 жылдары Армия қатарында әскери борышын өтеді.

1986-1996 жылдар аралығында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1996 жылдан Қарағанды «Болашақ» университетінің ректоры. 2007 жылы IV шақырылған облыстық мәслихаттың депутаты, заңдылық және азаматтар құқығы жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып сайланған, 2012 жылдан V шақырылған облыстық мәслихаттың депутаты. Облыстық мәслихаттың «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының төрағасы.

«Достық» орденнің иегері.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 5) тармақшасына, облыс әкімінің 2013 жылғы 04 маусымдағы №65ө өкіміне сәйкес, облыстық мәслихат депутаттары Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Бейсембай Қуанышұлы Жұмабековті, «Қарағанды облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ-нің басшысы Арман Қалқаманқызы Ахметованы Қарағанды облысы әкімдігінің құрамына енгізу және Б.Әбдіғалиұлын, Қ.Ғ.Шорманбаевты құрамнан шығару туралы Қарағанды облысы әкімдігінің дербес құрамын бекітті.


Дата:  06.06.2013

Құрметті сайтқа кірушілер!

Мен Сіздерді Қарағанды облыстық мәслихатының ресми веб-сайтында көргеніме қуаныштымын!

  • Фотогалерея
  • ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС

Статистика посетителей

  • 1425за неделю
  • 591за сутки
  • 36сейчас на сайте

Мы в Твиттере

Дауыс беру

  • Жаңалықтар
  • Cессиялары
  • Шешімдерi
Қарағанды облыстық мәслихатының XIII сессиясы төрағасының ШЕШІМІ 18.03.2013

Қарағанды облыстық мәслихатының XIII сессиясы төрағасының ШЕШІМІ облыстық мәслихаттың XIII сессиясын шақыру туралы

2013 жылдың 12 наурыз бен 21 наурыз аралығында 11 неміс оқушысы мен 2 ұстазы қонақ ретінде қазақ жеріне жауапты сапармен келді. 21.03.2013

2012 жылы Қарағанды облысы, Шашубай кентінің оқушылары «Кеңес Одағының құлағанына 20 жыл, Берлин қабырғасының алынғанына 20 жыл» атты зияткерлік сайысында бірінші орын алып, нәтижесінде оқушылар құрдастарымен кездесуге Германияға баруға мүмкіндік алды.

Облыстық мәслихаттың кезекті XIII сессиясы 28.03.2013

2013 жылдың 28 наурызында облыс әкімдігінде депутат Гүлнар Қадыржанқызы Бижанованың төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың кезекті XIII сессиясы өтті.

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс XV сессиясы 06.06.2013

2013 жылдың 5 маусым күні облыс әкімдігінде облыстық мәслихаттың депутаты М.Шамбуловтың төрағалық етуімен мәслихаттың кезектен тыс  XV сессиясы өтті.

2017 жыл 11.04.2017 17:16:00

2016 жыл

Қарағанды Облыстық Мәслихатының 5 шақырылымдағы 2016 жылғы шешімдер тізбесі

2015 жыл

Қарағанды Облыстық Мәслихатының 5 шақырылымдағы 2015 жылғы шешімдер тізбесі

akorda.kz

Официальный сайт Президента РК

government.kz

Официальный сайт Правительства РК

parlam.kz

Официальный сайт Парламента РК

karaganda-region.kz

Сайт акимата Карагандинской области