Заңдылық және азаматтардың құқықтары жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы

Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде облыстық мәслихаттың депутаты Ж.Ф.Штергердің төрағалығымен Қарағанды облыстық мәслихатының заңдылық және азаматтардың құқықтары жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті.
Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды:
1. Қарағанды облысының құқық қорғау және басқа құзыретті мемлекеттік органдарының сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы 2016 жылы және 2017 жылдың 1-жартыжылдығындағы жұмыстарының жағдайы туралы.
2. Қарағанды облысының қалалары мен елді мекендері аумақтарын абаттандыру, жасыл желектерін күтіп ұстау мен қорғау Ережелерін бекіту туралы.
3. Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 29 қыркүйектегі ІV сессиясының № 84 «Қарағанды облысының әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастарының тізімін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
4. Облыстық мәслихаттың депутаттары – заңдылық және азаматтардың құқықтары жөніндегі тұрақты комиссия мүшелерінің өздеріне бекітілген сайлау учаскелеріндегі сайлаушылармен жұмыстарының жағдайы туралы.
Комиссия жұмысына Қарағанды облысының әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Б.Ғ.Әйешев; ҰҚКД-нің профильдік басқармасының бастығы Р.Д.Мұстафин; облыс прокуратурасының 1-Басқармасы бастығының орынбасары Б.Қ.Мағжан; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаментінің штабы басшысының орынбасары Д.М.Қапенова; Қарағанды облысының ІІД бастығының орынбасары А.Қ.Ынтықбаев; ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбай лас жемқорлыққа іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті жанындағы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының Қарағанды облысында орындалысына сыртқы талдау мен бағалау жөніндегі арнайы мониторингтік тобының басшысы Е.Т.Әбілдин, т.б. қатысты.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

Дата:  20.09.2017 13:16:00

Құрметті сайтқа кірушілер!

Мен Сіздерді Қарағанды облыстық мәслихатының ресми веб-сайтында көргеніме қуаныштымын!

  • Фотогалерея
  • ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС

Статистика посетителей

  • 1424за неделю
  • 590за сутки
  • 29сейчас на сайте

Мы в Твиттере

Дауыс беру

  • Жаңалықтар
  • Cессиялары
  • Шешімдерi
Қарағанды облыстық мәслихатының XIII сессиясы төрағасының ШЕШІМІ 18.03.2013

Қарағанды облыстық мәслихатының XIII сессиясы төрағасының ШЕШІМІ облыстық мәслихаттың XIII сессиясын шақыру туралы

2013 жылдың 12 наурыз бен 21 наурыз аралығында 11 неміс оқушысы мен 2 ұстазы қонақ ретінде қазақ жеріне жауапты сапармен келді. 21.03.2013

2012 жылы Қарағанды облысы, Шашубай кентінің оқушылары «Кеңес Одағының құлағанына 20 жыл, Берлин қабырғасының алынғанына 20 жыл» атты зияткерлік сайысында бірінші орын алып, нәтижесінде оқушылар құрдастарымен кездесуге Германияға баруға мүмкіндік алды.

Облыстық мәслихаттың кезекті XIII сессиясы 28.03.2013

2013 жылдың 28 наурызында облыс әкімдігінде депутат Гүлнар Қадыржанқызы Бижанованың төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың кезекті XIII сессиясы өтті.

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс XV сессиясы 06.06.2013

2013 жылдың 5 маусым күні облыс әкімдігінде облыстық мәслихаттың депутаты М.Шамбуловтың төрағалық етуімен мәслихаттың кезектен тыс  XV сессиясы өтті.

2017 жыл 11.04.2017 17:16:00

2016 жыл

Қарағанды Облыстық Мәслихатының 5 шақырылымдағы 2016 жылғы шешімдер тізбесі

2015 жыл

Қарағанды Облыстық Мәслихатының 5 шақырылымдағы 2015 жылғы шешімдер тізбесі

akorda.kz

Официальный сайт Президента РК

government.kz

Официальный сайт Правительства РК

parlam.kz

Официальный сайт Парламента РК

karaganda-region.kz

Сайт акимата Карагандинской области