Облыстық мәслихаттың кезекті XIII сессиясы

Облыстық мәслихаттың кезекті XIII сессиясы

2013 жылдың 28 наурызында облыс әкімдігінде депутат Гүлнар Қадыржанқызы Бижанованың төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың кезекті XIII сессиясы өтті.

Сессияның жұмысына Облыстық мәслихаттың хатшысы Бейсембай Қуанышұлы Жұмабеков, Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Мұхамбетов Ғабит Мұхамбетұлы, облыс әкімінің орынбасарлары, қала және аудан мәслихаттарының хатшылары, басқарма басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Сессия жұмысында келесі мәселелер қаралды.

1. Қарағанды облысында құқық бұзушылықтың алдын алудың және қылмыспен күрестің жағдайы және оларды одан әрі күшейту туралы.

Баяндамашы: Жаппаров М.Б. – Қарағанды облысының ішкі істер департаментінің бастығы.

2. Облыстық мәслихат хатшысының атқарған жұмыстары туралы есебі.

Баяндамашы: Жұмабеков Б.Қ. – облыстық мәслихаттың хатшысы.

3. Облыстық мәслихаттың бюджет және қаржы жөніндегі тұрақты комиссиясының орындаған жұмыстары туралы есебі.

Баяндамашы: Миргаязов М.В. – бюджет және қаржы жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының орынбасары.

4. Басқа мәселелер.

Бірінші мәселе бойынша Қарағанды облысының ішкі істер департаментінің бастығы Жаппаров М.Б. баяндады. Ол аталмыш мәселенің өзектілігіне тоқталып, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырды.

Сонымен қатар Қарағанды облыстық мәслихатының 2012 жылғы 5 желтоқсандағы X сессиясының №117 шешімімен бекітілген Қарағанды облыстық мәслихатының 2013 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Қарағанды облысындағы 2012 жылға құқық бұзушылықтың алдын алудың және қылмыспен күрестің жағдайы және оларды одан әрі күшейтудің ахуалына талдау жасалды.

Аталған мәселені облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына шығаруға дайындау мақсатында облыстық мәслихаттың депутаты, заңдылық және азаматтар құқықы жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Г.Қ.Бижанованың жетекшілік етуімен Уақытша жұмыс комиссиясы, облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттары, ІІД және облыстың қалалары мен аудандарының ішкі істер органдарының жауапты қызметкерлерінің қатысуымен Уақытша жұмыс топтары құрылды.

Облыстық мәслихат хатшысының 2013 жылғы 21 қаңтардағы №1 өкімі негізінде бұл топтар сапарға шығу кестесіне сәйкес облыстың 9 өңірін – Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Жезқазған, Балқаш қалаларын, Абай, Бұқар жырау, Осакаров және Шет аудандарын тексерді.

Мәселені жергілікті жерлерде зерттеу барысында құқық қорғау және мемлекеттік органдардың іс-шараларды алдын ала орындауы, сондай-ақ тиімділігі мен өзара әрекеті туралы ақпараттары талданды.

Тексеріс барысы Қарағанды облысындағы 2011-2013 жылдарға арналған құқық бұзушылықтың алдын алудың Аймақтық бағдарламасына сәйкес барлық жерлерде оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар бекітілгенін көрсетті.

Жоспарларда азаматтардың конституциялық құқығы мен еркіндігі, қылмысты жасыру фактілерін жою, сонымен қатар жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға, есірткіге және маскүнемдікке салынудың алдын алуға бағытталған іс-шаралары, көші-қон саласындағы және айналымдағы қарумен қылмыс жасау мен материалдық – техникалық қамтамасыз ету саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ұйымдастыру шаралары көрсетілген.

«Құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әкімдіктердің жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында жергілікті жерлерде құқық бұзушылықтан алдын ала сақтандыру, анықтау және жолын кесу, оларды жасауға ықпал ететін себептер мен салдарларды жою жөніндегі іс-әрекеттерді олармен келісіп әзірлеу және жүзеге асыру арқылы құқық бұзушылықтың алдын алу субъектілерінің қызметтерін үйлестіру жүзеге асырылуда.

Құқық бұзушылықтың алдын алу субъектілерінің қызметін жергілікті жерлерде үйлестіруді облыстың қалалары мен аудандары әкімдерінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомоствоаралық комиссия жүзеге асырады.

Олардың құрамына атқарушы, құқық қорғау және басқа да өкілетті мемлекеттік органдардың басшылары, депутаттар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері енгізілген.

Қылмысқа және құқық бұзушылыққа қарсы әрекет ету жөніндегі жұмыстардың жағдайы мен нәтижесі жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың отырыстарында әрдайым қаралып отырады.

Ең маңызды мәселелерді қараудың қорытындысы бойынша қаулылар мен шешімдер шығарылады, олардың орындалуы әрдайым бақылауға алынады.

Қарағанды облысындағы 2011-2013 жылдарға арналған құқық бұзушылықтың алдын алудың Аймақтық бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуы өңірдегі қылмыстық ахуалдың тұрақтануына оң әсерін тигізді.

Қылмыстарды тіркеу тәртібін ретке келтіру және оларды жасырмау жөніндегі жұмыстар кезең-кезеңмен жүргізілді, нәтижесінде қылмыстық ахуалдың шынайы бейнесін көрсету қамтамасыз етілді.

2012 жылы облыста қылмыстың 25,96% өскені байқалады (19937 қарағанда 25107), мүлікті ұрлау есебінен жасалған қылмыстар 23% (15719 қарағанда 19266) бұл жағдайда соңғысының үлес салмағы жалпы тіркелген қылмыстың санынан 78% құрады (78%). Қылмыстың өсуі 16 өңірде тіркелді, соның ішінде Қарағанды қаласында 36,5% (8781 қарағанда 11984), Жезқазған қаласында 34,2%, (1226 қарағанда 1645), Сәтбаев қаласында 18,5%, (1034 қарағанда 1225), Саран қаласында 34,5%, (620 қарағанда 834), Шахтинск қаласында 13,2% (870 қарағанда 985), Балқаш қаласында 28,4% (904 қарағанда 1161), сондай-ақ бірқатар селолық аудандар: Абай ауданында 19% (474 қарағанда 564), Бұқар жырау ауданында 23,1% (503 қарағанда 619), Осакаров ауданында 47,3% (311 қарағанда 458), Нұра ауданында 7,5% (214 қарағанда 230), Қарқаралы ауданында 23,8% (160 қарағанда 198), Ақтоғай ауданында 15,7% (140 қарағанда 162), Ұлытау ауданында 6,3% (96 қарағанда 102), Шет ауданында 7,2% (209 қарағанда 224).

Облыс бойынша ауыр және аса ауыр қылмыс жасау 0,2% қысқарды (2492 қарағанда 2497). Жалпы қылмыстың құрамындағы олардың үлес салмағы 2,5% қысқарды (13,6%-дан 10,1%-ға дейін). Қарақшылық жасау 29,5% (989 қарағанда 139), денсаулыққа ауыр зақым келтіру 1,5% (197 қарағанда 200) азайды.

Қылмыстың негізгі өсуі облыстың екі ірі қаласы – Қарағанды мен Теміртау қалаларында байқалады.

Қарағанды қаласы бойынша қылмыстың ең көп жасалатын жері қаланың орталық бөлігі, Оңтүстік-шығыс, Майқұдық және Пришахтинск аумақтары. Қаланың аталған учаскелерінде қылмыс жасаудың ең көп шоғырланған жерлері Н.Әбдіров, Бұқар жырау, Гоголь және Ленин көшелері, бұл жерлерге ең ірі сауда орталықтары, ойын-сауық өткізетін мекемелер, соның ішінде мейрамханалар, дәмханалар мен кешкі клубтар орналасқан.

Сол жерлерге орнатылған бақылау камералары қылмыстың алдын алуға және ашылуына үлкен көмегін тигізіп отыр. Бұл жүйе қоғамдық-бұқаралық іс-шараларды өткізген кезде өзінің тиімділігін көрсетті. Жедел басқару орталығына орнатылған бейнебақылау камераларының көмегімен 782 қылмыс ашылды, 78 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Сонымен қатар, Қарағанды облысындағы құқық бұзушылық және қылмыспен күрестің алдын алу жағдайына жүргізілген талдау, сессияға дайындық аясында істерді жергілікті жерлерде қарап, зерделеген депутаттардың уақытша жұмыс топтары бұл бағыттағы жұмыстарды әрі қарай күшейту бойынша келесі шараларды шешу үшін қажетті бірқатар проблемалық мәселелерді анықтады:

1. Есепке алу – тіркеу тәртібін күшейту саласында:

  • қылмысты есепке алудан жасыру деректері бойынша жан-жақты шаралар қолдану;
  • ведомостволық бақылауды күшейте отырып, ведомостволық комиссияның жұмыстарын ұйымдастыруды қайтадан қарау, олардың жұмысындағы есепке алу – тіркеу тәртібін әлсіретуге ықпалын тигізетін формализмді жою;
  • қосымша жеке құраммен, соның ішінде өтініштерді, хабарламаларды қабылдауды және тіркеуді, есепке алу – тіркеу тәртібі сақталуы реттелетін нормативтік-құқықтық актілерді зерттеуді жүзеге асыратын жедел кезекшілермен қамтамасыз ету.

2. Құқық бұзушылық және қылмыстың алдын алу саласында:

  • ЖБО қызметкерлерінің, учаскелік полиция инспекторларының, сондай-ақ жаяу жүретін патрульдік бекет қызметкерлерінің штаттық бірлігін ұлғайту мүмкіндігін қарастыру,
  • Облыстық ІІД ЖБО сыртқы бақылауын жаңартуға және қосымша бейнекамера сатып алуға бюджеттік қаражаттар бөлу туралы мәселені қарастыру;
  • Учаскелік полиция институтына түбегейлі өзгерістер енгізуді бастау керек, атап айтқанда олардың қылмысқа, әкімшілік құқық бұзушылыққа қарсы күресін, сонымен қатар учаскелік полиция инспекторлары қызметінің рөлі мен беделін көтеруді ұйымдастыру және регламенттеу.
  • Қалалар мен аудандардың әкімдіктері жанындағы комиссиялармен, қалалық, аудандық ішкі істер бөлімдерінің бастықтарымен бірлесіп қылмыстық ахуал мен құқық бұзушылықтың және қылмыстың алдын алудың мәселесін талдап, жұмыстарының тиімділігін арттыру жөнінде нақты ұсыныстар жасау және оларды комиссиялардың отырысында қарау;
  • әкімшілік полицияның жұмысын ұйымдастыруға, қылмыстық ахуалға және профилактикалық жұмыстардың тиімділігіне ІІБ басшылығы тарапынан тиісінше ведомостволық бақылау мен жауапкершілікті қамтамасыз ету.

3. Бас еркінен айыру орындарынан босатылған тұлғалардың әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету саласында.

  • БАҚ арқылы үй-күйсіз және жұмыссыз жүрген адамдар үшін әлеуметтік қызмет түрлерін көрсететін мемлекеттік емес ұйымдардың жұмыс істейтіні туралы халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу, бұл мекемелерге бас еркінен айыру орындарынан босаған, тұрмысын түзеуге, жұмысқа орналасуға мұқтаж тұлғаларды жіберу бойынша жұмыстар жүргізу;
  • бас еріктерінен айыру орындарынан босатылған тұлғалардың мамандықтары мен кәсіби талаптарын ескере отырып кәсіпорындарға, ұйымдар мен мекемелерге жұмысқа тұрғызу үшін санына қарай квота бергізуді анықтау;
  • бұрын сотталып бас еркінен айыру орындарынан босатылған тұлғаларды Халықты еңбекпен қамту орталықтарына жіберу жөнінде тұрақты жұмыстар жүргізу;
  • шартты мерзімінен бұрын босаған және әкімшілік қадағалауда тұрған тұлғалармен жеке алдын ала сақтандыру жұмыстарын күшейту, соның ішінде соңғысының тарапынан құқық бұзушылықты анықтау жөніндегі жұмыстарды жандандыру, осындай жаза түрін сот арқылы кейіннен бас еркінен айыруға және қылмыстық түзеу мекемелеріне қайтаруға ауыстыру;
  • сотты болғандарға бас еркінен айыру орындарынан босаған азаматтардың тұрмысын түзеуі және жұмысқа орналасуы мәселесі бойынша кеңес беру үшін еңбекпен түзеу мекемелерінде көшпелі семинар-кеңестерді өткізуді жүзеге асыру;
  • бас еркінен айыру орындарынан босаған тұлғалар үшін жаңа мамандыққа қайта даярлау және оқыту жөнінде оқытатын орындар ұсынылуын қарастыру;
  • жұмыссыз жүрген тұлғаларды, соның ішінде бұрын сотталғандарды қоғамдық жұмыстарға тарту практикасын кеңінен қолдану.

4. Есірткімен және есірткі бизнесімен күрес мәселесін өзара әрекет жасау арқылы тұрақты негізде жүзеге асыру

  • жедел, статистикалық, ғылыми-әдістемелік және өзге де ақпараттармен, заңсыз айналымнан алынған есірткілер мен прекурсорлардың жаңа үлгілерімен алмасу;
  • нормативтік құқықтық актілермен, әдістемелік құралдармен алмасу;
  • жұмыс істеу тәжірибесін үйрену үшін өзара жұмыс бабымен кездесу өткізу, есірткі проблемасымен айналысатын мекемелердің және ұйымдардың қызметімен танысу;
  • құқықтық қолдану практикасын үйрену және алмасу, іс-шаралар, соның ішінде ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар дайындау және өткізу.
  • нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды және заңсыз айналымдағы есірткімен күрес жүргізу бағдарламаларын бірлесіп әзірлеу.

5. Кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу саласында:

  • қараусыз қалған кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізу;
  • балалар мен жасөспірімдердің мектеп демалысы кезіндегі ойын-сауықтарын ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізу;
  • кәмелетке толмағандар арасында құқық тануды насихаттау бойынша дөңгелек үстелдер, кездесулер, әңгімелесулер, дәрістемелік оқулар өткізу;
  • «Жасөспірім», «Сабақ», «Отбасы» тәрізді кешенді алдын алу іс-шараларын өткізу практикасын жалғастыру;
  • есірткіге қарсы әлеуметтік иммунитетті қоғамның санасына қалыптастыру, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы есірткі мен маскүнемдікке қарсы күрес жөнінде мемлекеттік органдар қабылдайтын іс–шаралар туралы азаматтардың ақпарат алуын арттыру бойынша жұмыстарды жандандыру;
  • оқушылар мен жастар арасында бұқаралық спорт акцияларын өткізу;
  • білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының жалпы білім беретін, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының оқушыларына алкогольды өнімдерді тұтынудың алдын алу бойынша өзара тығыз әрекеттерін қамтамасыз ету.

6. Жол қозғалысы қауіпсіздігі саласында:

  • облыстық маңызы бар жолдарды, сонымен қатар қанаттас қалалар мен селолық аудандарға қызмет көрсетуге арналған инспекторлық құрамға қосымша ақшалай қаражат бөлу туралы мәселені қарау;
  • елді мекендердің көшелері мен жолдарының бойындағы желілерге түгендеу жүргізу және балансқа қою бойынша аудандар мен қалалардың тиісті атқарушы органдарының жұмыстарын ұйымдастыру;
  • елді мекендердің аумағынан өтетін республикалық маңызы бар жолдардың учаскелерін жарықтандыру бойынша шаралар қабылдау;
  • көліктегі қозғалысты қамтамасыз ету жөніндегі облыстық комиссияның құрамын жаңарту;
  • Қарағанды облысының қанаттас қалалары мен селолық аудандарына қызмет көрсету бойынша жолды қадағалау инспекторлары мен инспекторлық құрамына қосымша штаттық бірлік бөлу туралы мәселені қарастыру;
  • бюджет қаражаты есебінен тиесілі Табелге сәйкес арнайы автомашиналармен жабдықтау үшін шаралар қабылдау;
  • тікелей патрульдік етуді және жол көлік оқиғалары болған жерлерге шығуды жүзеге асыратын барлық жол полициясы инспекторларын теориялық және практикалық медициналық даярлықтан өткізуді ұйымдастыру;
  • жол-көлік оқиғаларының салдары туралы жол қозғалысына қатысушы оқушылар арасында үгіттеу-ақпараттық шаралар жүргізу.

7. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің беделі мен тартымдылығын көтеру мақсатында қажеттілері:

  • қылмыс пен құқық бұзушылыққа қарсы қоғамдық тәртіптің сақталуын тікелей қамтамасыз ететін құқық қорғау органдарының еңбекақысын арттыру мүмкіндігін қарастыру, оларды тұрғын үймен, бала-бақшадағы орындармен қамтамасыз ету;
  • кезектен тыс аттестация өткізудің нәтижесінде қысқартылған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің санын ескере отырып, ішкі істер органдарының функцияларын тиімді орындау үшін жеке құрамды 100% толықтыру қажет;
  • патрулдік-бекеттік қызметтің штаттық санын қызметкердің кәсіби шеберлігі, жеке басының моралдық қасиеттері және өзге де деректері бойынша қатаң іріктеу жүргізуді қамтамасыз ете отырып ұлғайту;
  • ішкі істер органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді нығайту, полиция бөлімшелерін автокөліктермен, арнайы құралдармен, орын алған қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды тіркейтін бейне, аудио құралдармен, байланыс құралдарымен, заманауи ұйымдастыру техникаларымен және жабдықтармен толықтыру.

Екінші сұрақ бойынша Облыстық мәслихаттың хатшысы Бейсембай Қуанышұлы Жұмабековтың баяндамасы тыңдалды. Ол өткен 2012 жыл ұлт пен ұлысымыз үшін тың бастама, тынымды әрекеттерге толы болғаның баса айтты.

2012 жыл өкілетті органдарда болған реформалармен есте қалды – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауы және облыстардың, қалалар мен аудандардың мәслихаттарының кезектен тыс сайлаулары өтті.

2012 жылдың 1 желтоқсаны Қазақстанның тұңғыш Президенті күні ең маңызды саяси оқиға деп айтуға болады, Қазақстан Республикасының бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаевқа арналған мерекелік іс-шаралар еліміздің барлық өңірлерінде атап өтілді.

Өткен жылдың басты айтулы оқиғасы – біздің спортшыларымыздың Лондонда өткен Олимпиада ойындарында тамаша жетістіктерге қол жеткізуі және жерлесіміз Серік Сәпиев Олимпиада чемпионы атануы, оған «Қарағанды облысының құрметті азаматы» атағы берілді, сонымен қатар Астана қаласында дүниежүзілік «ЕХРО-2017» көрмесін өткізу құқығына ие болу да Қазақстанның жеңісі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халықтарына арнаған жыл сайынғы Жолдауы еліміздің өміріне өзгерістер әкелетін айшықты оқиғаларға айналуда.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан – 2050» Стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы Қазақстанның алға қарай қадам басу жолынан ауытқымай, біртіндеп демократиялық қоғам құруға бағыт алғандығының дәлелі.

Қазақстан стартегиясының басты мақсаты 2050 жылға қарай әлемдегі қарқынды дамыған 30 елдің қатарына кіру. Президенттің Қазақстан халықтарына арнаған Жолдауы біздің ілгері жылжуымыздың, мемлекетіміздің дамуындағы басты бағыттарға ерекше назар аударып, көздеген мақсаттарымызға түзету енгізудің қаншалықты маңызды екендігінің тағы бір көрінісі. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы Жолдауында облысымыздың барлық өкілетті және атқарушы органдары іске асыруға тиісті негізгі 7 бағыт аталды.

Өткен жылдың желтоқсан айында өткен облыс активінің жиналысында Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын іске асыру бойынша нақты тапсырмалар анықталды және оларды шешудің жолдары белгіленді.

Былтырғы жылы өткен облыстық мәслихат депутаттарының сайлауы Мемлекет басшысының «бұл процесте басты рөлді саяси партиялар ойнауы тиісті», бұл «қазіргі азаматтық қоғамды қалыптастыруға, халықты қоғамдық процесстерге кеңінен тартуға қабілетті болатын партиялық механизмді нығайту» туралы идеясын тағы да дәлелдеп отыр.

Партия өткізген үлкен дайындық жұмысының нәтижесінде облыстың өкілетті органына «Нұр Отан» ХДП мүшелерінің 98% депутат болып сайланды. Облыстық мәслихатқа сайланған 42 депутаттың 41-і «Нұр Отан» ХДП мүшелері.

Облыстық мәслихаттың алғашқы ұйымдастыру сессиясында «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының депутаттық фракциясы бекітілді, оның жетекшісі депутат Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбеков – заң ғылымдарының докторы, профессор, «Болашақ» университетінің ректоры.

Облыстық мәслихат өзінің жұмыстарын Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңы, Регламенті, болашақты және ағымдағы жұмыс жоспарлары негізінде жүзеге асырады.

Облыстық мәслихат облыс әкімінің аппаратымен, облыстық басқармалармен, қалалардың, аудандардың әкімдіктерімен және мәслихаттарымен, қоғамдық ұйымдармен, саяси партиялармен және облыс халқымен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Облыстың өкілетті органының басшысы ретіндегі менің рөлім болашақты және ағымдағы жұмыс жоспарлары негізінде қолданыстағы заңнамаларға, облыстық мәслихаттың регламентіне қатаң сәйкестікпен депутаттық корпустың қызметін қамтамасыз ету, жұмыс істеудің жаңа түрлері мен тәсілдерін жетілдіріп, іздестіру.

Облыстық мәслихаттың негізгі қызметінің түрі сессия болып табылады. Әрбір сессияның дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары облыстық мәслихаттың регламентіне, сессияларды дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

2012 жылғы есепті мерзім ішінде облыстық мәслихаттың 10 сессиясы өткізілді, соның ішінде кезектен тыс 5 сессия өтті. Онда 82 мәселе қаралды, соның ішінде негізгі мәселелер – 41.

Облыстық мәслихаттың сессияларында 2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет пен 2011 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп, бюджеттің кіріс бөлігінің ұлғаюына байланысты 2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджетке енгізілген өзгертулер бекітілді, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері – Қарағанды облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы, ең маңызды: Еңбекпен қамту - 2020, Бизнестің жол картасы-2020, 2012-2020 жылдарға арналған Қарағанды облысының моноқалаларын дамыту және 2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламаларының іске асыру барысы қаралды, «Облыстағы білім беру жағдайы және оны әрі қарай дамыту шаралары туралы», «Автомобиль жолдарының жағдайы және олардың әрі қарай дамуы туралы» сессия шешімдерінің орындалу барысы қаралды, жеке меншікке жер учаскелерін беру кезіндегі төлемдердің базалық ставкалары, Сәтбаев, Қаражал, Шахтинск қалаларының бас жоспарларының жобалары, Қарағанды облысындағы су объектілерінде жалпы су пайдалану ережесі бекітілді және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының өзге де маңызды мәселелері қаралды.

Сессияның жұмыс органдарының қызметтеріне – хатшылыққа, редакциялық және есеп комиссиясына – облыстық мәслихат депутаттарының көпшілігі қатысты.

Оныншы сессияда біз облыстық мәслихаттың 2013 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіттік. Депутаттардың ұсынысы бойынша биылғы жылғы сессиялардың қарауына құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күрес, мәдениет мекемелеріндегі жұмыстардың жағдайы, облыстың экологиялық жағдайы және оны одан әрі жақсарту шаралары жөніндегі облыстық мәслихаттың 40 сессиясының шешімін іске асыру барысы, 2012 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы және 2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджетті бекіту туралы мәселелер енгізілді.

Алда тұрған жоспарларды іске асыру мақсатында біз:

  • Президенттің Қазақстан халықтарына арнаған «Қазақстан – 2050» стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауынан туындаған міндеттерді орындауға барлық депутаттардың белсене қатысыу мәселесін;
  • өңіріміздің дамуына байланысты ең маңызды бағдарламалар – Қарағанды облысының 2011 – 2015 жылдарға арналған даму бағдарламасын, Еңбекпен қамту – 2020 бағдарламасын, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын, Қарағанды облысының моноқалаларын дамыту бағдарламасын, 2011 – 2020 жылдарға тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын бағдарламасын іске асыру барыстарын;
  • депутаттардың, депутаттық фракция мүшелерінің 3 жылға қабылданған облыстық бюджеттің тиімді және нысаналы бағытта игерілуіне қатысуын;
  • тұрақты комиссиялар мен депутаттардың, облыстық мәслихаттың депутаттық фракциясы мүшелерінің, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының партиялық жетекшілерінің жұмыстары әрдайым жетілдірілуін.
  • Депутаттардың, депутаттық фракция мүшелерінің өздерінің сайлау округтерінде пәрменді жұмыстар атқаруын, сайлаушыларымен әрдайым кездесулер өткізуін, қалалар мен аудандардың әлеуметтік салаларының проблемаларына, соның ішінде халыққа көрсетілетін қызметтердің тиімді шешілуіне белсене қатысуын әруақытта назарда ұстаймыз.

Қазіргі уақытта қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттары дауыс беру арқылы сайлануға тиісті аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық (селолық) округтердің, ауылдық округтердің құрамына кірмейтін ауылдардың (селолардың) кенттердің әкімдерін сайлауға дайындық жүріп жатыр. Құрметті әріптестер осындай кең ауқымды, әрі маңызды шараға сіздер белсене қатысасыздар деп ойлаймын.

Елбасымыз Қазақстанның зор саяси және экономикалық әлеуетін іске асыруға қабілетті мемлекеттік менеджерлердің жаңа буынын дайындау қажеттігіне әрдайым көңіл бөліп келеді.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық, инновациялы-индустриалдық және технологиялық жағынан жеделдете дамуы, сонымен қатар Қазақстанның стратегиялық перспективасы мемлекеттік қызметшілерді ыңғайлы жүйе негізіне қарай дайындау қажеттігінің алғышарты.

2017 жылдан бастап Қазақстанда дүниежүзілік ЕХРО – 2017 көрмесі өтетіні, бұл Қазақстанның экономикасы айтарлықтай дамуына серпін беретінін жақсы білесіздер. Бұған жаңадан салынатын нысандар бой көтеріп, коммуникация жүйелерін жүргізу үшін инвестициялар тартылатын болады. ЕХРО – 2017 көрмесін өткізу әлемдік қауымдастық алдында Қазақстанды тағы бір қырынан танытып қана қоймай елімізде туризмнің де қарқынды дамуына әсерін тигізеді.

Сөзінің соңында мәслихат хатшысы депутаттарға жемісті жұмыс тілеп, өзінің сайлаушылары алдындағы парызы мен міндетін түсінетінін, барлық жауапкершілікті сезіне білетінінің айтты.

Депутаттардың алдында үшінші сұрақ бойынша бюджет және қаржы жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының орынбасары Миргаязов М.В. ақпараты тыңдалды.

Бюджет және қаржы жөніндегі тұрақты комиссия облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 20 қаңтарда өткен бесінші шақырылымындағы І-ші ұйымдастыру сессиясының шешімімен 9 адамнан құрылды.

Тұрақты комиссия құрамына облыстың және аймақтың саяси және қоғамдық өмірінде үлкен жұмыс тәжірибесі бар, әр түрлі сала қызметінің өкілдері кірді.

Комиссияға келесі облыстық депутаттар енді: Ж.С. Таласпеков – тұрақты комиссия төрағасы, М.В. Миргаязов – тұрақты комиссия төрағасының орынбасары, М.Р. Шамбұлов – тұрақты комиссияның хатшысы, Е.Қ. Көбеев, А. Төлеушин, Д.Д. Чернов, А.Қ. Құдабаев, Т.Т. Тілемісов, Н.Е. Сухорукова – тұрақты комиссия мүшелері.

Облыстық мәслихаттың 2012 жылғы қараша айында өткен ІХ сессиясында өкілеттігі тоқтаған депутат Н.Е. Сухорукованың орнына комиссия мүшесі болып А.С. Сәрсекенов сайланды.

Бюджет және қаржы жөніндегі тұрақты комиссияның барлық жұмысы облыстық мәслихаттың болашақтағы және ағымдағы жұмыс жоспарларының негізінде жүргізіледі.

Есеп беру мерзімде бюджет және қаржы жөніндегі тұрақты комиссия 12 мәжіліс өткізді., онда 22 негізгі, соның ішінде жалпы 55 мәселе қаралды.

Облыстық бюджетті бекітуге оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, оның атқарылуы туралы есеп беруге, Қарағанды облысының даму бағдарламасын бекітуге, бағдарламалардың орындалу барысына қатысты облыстық мәслихаттың сессиясының қарауына енгізілетін, әлеуметтік маңызы бар маңызды мәселелерді талқылаған кезде басқа тұрақты комиссиялармен бірлескен отырыстар өткізілді.

2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджеттің жобасын талқылаған кезде тұрақты комиссия мен басқа комиссиялардың депутаттарымен бірқатар ұсыныстар мен ескертулер енгізілді. Атап айтқанда, облыстық бюджеттің кіріс бөлігіндегі білім беруді, денсаулық сақтауды материалдық – техникалық қамтамасыз етуді қаржыландыру, денсаулық сақтау, білім беру және сумен қамтамасыз ету объектілерін салу, жөндеу және қайта жаңарту жөнінде.

2013 жылғы облыстық бюджет 2012 жылмен салыстырғанда біршама ұлғайғанын және әлеуметтік бағыттағы сипаты барын атап өту қажет. 2013 жылға арналған облыстық бюджеттің кірістері мен шығыстары 2012 жылмен салыстырғанда 8% өсті.

Облыстық мәслихаттың сессияларында облыстық бюджетті бекіту және облыстық бюджеттің орындалуы жөніндегі есептің қорытындысы бойынша бюджет және қаржы жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Ж.С.Таласпеков баяндама жасады.

Есепті мерзімде бюджет және қаржы жөніндегі тұрақты комиссияның тікелей қатысуымен 2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша облыстық мәслихаттың 5 сессиясы дайындалып, өткізілді.

Өзгерістер мен толықтырулар алдын-ала тұрақты комиссияның отырысында мұқият зерттелді және қарастырылды.

Бюджет және қаржы жөніндегі тұрақты комиссия мүшелері – депутаттар – М.В. Миргаязов, А.Қ. Құдабаев, Е.Қ. Көбеев, Д.Д. Чернов – «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының партиялық кураторлары болып табылады.

Депутаттардың сайлаушылармен жұмыстарының бір түрі азаматтарды, сайлаушыларды қабылдауды ұйымдастыру мен өткізу. Тұрақты комиссия құрамына кіретін барлық депутаттар бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес тұрақты түрде өз сайлау округтерінде осындай қабылдауларды іске асырады. Есепті мерзімдегі қабылдау жүргізу барысында 335 азамат өтініші қаралды.


Дата:  28.03.2013

Құрметті сайтқа кірушілер!

Мен Сіздерді Қарағанды облыстық мәслихатының ресми веб-сайтында көргеніме қуаныштымын!

  • Фотогалерея
  • ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС

Статистика посетителей

  • 1425за неделю
  • 591за сутки
  • 39сейчас на сайте

Мы в Твиттере

Дауыс беру

  • Жаңалықтар
  • Cессиялары
  • Шешімдерi
Қарағанды облыстық мәслихатының XIII сессиясы төрағасының ШЕШІМІ 18.03.2013

Қарағанды облыстық мәслихатының XIII сессиясы төрағасының ШЕШІМІ облыстық мәслихаттың XIII сессиясын шақыру туралы

2013 жылдың 12 наурыз бен 21 наурыз аралығында 11 неміс оқушысы мен 2 ұстазы қонақ ретінде қазақ жеріне жауапты сапармен келді. 21.03.2013

2012 жылы Қарағанды облысы, Шашубай кентінің оқушылары «Кеңес Одағының құлағанына 20 жыл, Берлин қабырғасының алынғанына 20 жыл» атты зияткерлік сайысында бірінші орын алып, нәтижесінде оқушылар құрдастарымен кездесуге Германияға баруға мүмкіндік алды.

Облыстық мәслихаттың кезекті XIII сессиясы 28.03.2013

2013 жылдың 28 наурызында облыс әкімдігінде депутат Гүлнар Қадыржанқызы Бижанованың төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың кезекті XIII сессиясы өтті.

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс XV сессиясы 06.06.2013

2013 жылдың 5 маусым күні облыс әкімдігінде облыстық мәслихаттың депутаты М.Шамбуловтың төрағалық етуімен мәслихаттың кезектен тыс  XV сессиясы өтті.

2017 жыл 11.04.2017 17:16:00

2016 жыл

Қарағанды Облыстық Мәслихатының 5 шақырылымдағы 2016 жылғы шешімдер тізбесі

2015 жыл

Қарағанды Облыстық Мәслихатының 5 шақырылымдағы 2015 жылғы шешімдер тізбесі

akorda.kz

Официальный сайт Президента РК

government.kz

Официальный сайт Правительства РК

parlam.kz

Официальный сайт Парламента РК

karaganda-region.kz

Сайт акимата Карагандинской области