Бюджет және қаржы жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы

2017 жылғы 15 қыркүйекте Қарағанды облыстық мәслихатында бюджет және қаржы жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы болып өтті. Отырысты оның төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Ж.С.Таласпеков жүргізді.
Күн тәртібінде мынадай мәселелер талқыланды:
1. Облыстық бюджетке түсім жоспарының орындалысын қамтамасыз ету туралы.
2. Қарағанды облысы бойынша іске асыру жоспарланып отырған мемлекеттік-жеке әріптестіктің жергілікті жобаларының тізімін бекіту туралы.
3. «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-не және оның 19 ведомстволық бағынышты мекемелері мен кәсіпорындарына тұрғындарға медициналық көмек көрсету үшін бөлінген бюджет қаражаттары мен мемлекеттік активтерді пайдалануының мемлекеттік аудиті қорытындылары туралы.
4. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар даярлауға бөлінген бюджет қаражаттарының пайдаланылуының мемлекеттік аудиті қорытындылары туралы.
5. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге бөлінген бюджет қаражаттарының пайдаланылуының мемлекеттік аудиті қорытындылары туралы.
6. Ветеринария саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты дамыту және оны іске асыруға жергілікті атқарушы органдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметі ықпалының мемлекеттік аудиті қорытындылары туралы.
Сондай-ақ күн тәртібіне, облыстық мәслихаттың депутаты А.З.Нығматулиннің бастамасы бойынша, «Сарыарқа» хоккей клубын қосымша қаржыландыру туралы мәселе енгізілді.
Комиссия отырысына экономика және қаржы басқармасының басшысы О.М. Чернявская, денсаулық сақтау басқармасының басшысы Е.Ш. Нұрлыбаев, білім басқармасы басшысының м.а. Б.Н. Әдекенова, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының м.а. М.Р. Галиуллин, ветеринария басқармасының басшысы Б.Қ. Асанов және т.б. қатысты.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

Дата:  15.09.2017 14:42:00

Құрметті сайтқа кірушілер!

Мен Сіздерді Қарағанды облыстық мәслихатының ресми веб-сайтында көргеніме қуаныштымын!

  • Фотогалерея
  • ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС

Статистика посетителей

  • 1425за неделю
  • 591за сутки
  • 40сейчас на сайте

Мы в Твиттере

Дауыс беру

  • Жаңалықтар
  • Cессиялары
  • Шешімдерi
Қарағанды облыстық мәслихатының XIII сессиясы төрағасының ШЕШІМІ 18.03.2013

Қарағанды облыстық мәслихатының XIII сессиясы төрағасының ШЕШІМІ облыстық мәслихаттың XIII сессиясын шақыру туралы

2013 жылдың 12 наурыз бен 21 наурыз аралығында 11 неміс оқушысы мен 2 ұстазы қонақ ретінде қазақ жеріне жауапты сапармен келді. 21.03.2013

2012 жылы Қарағанды облысы, Шашубай кентінің оқушылары «Кеңес Одағының құлағанына 20 жыл, Берлин қабырғасының алынғанына 20 жыл» атты зияткерлік сайысында бірінші орын алып, нәтижесінде оқушылар құрдастарымен кездесуге Германияға баруға мүмкіндік алды.

Облыстық мәслихаттың кезекті XIII сессиясы 28.03.2013

2013 жылдың 28 наурызында облыс әкімдігінде депутат Гүлнар Қадыржанқызы Бижанованың төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың кезекті XIII сессиясы өтті.

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс XV сессиясы 06.06.2013

2013 жылдың 5 маусым күні облыс әкімдігінде облыстық мәслихаттың депутаты М.Шамбуловтың төрағалық етуімен мәслихаттың кезектен тыс  XV сессиясы өтті.

2017 жыл 11.04.2017 17:16:00

2016 жыл

Қарағанды Облыстық Мәслихатының 5 шақырылымдағы 2016 жылғы шешімдер тізбесі

2015 жыл

Қарағанды Облыстық Мәслихатының 5 шақырылымдағы 2015 жылғы шешімдер тізбесі

akorda.kz

Официальный сайт Президента РК

government.kz

Официальный сайт Правительства РК

parlam.kz

Официальный сайт Парламента РК

karaganda-region.kz

Сайт акимата Карагандинской области